03.03.2010, 16:17 3768

Ғалымдар генетикалық талдау көмегімен қара аю мен ақ аюдың жақын байланысын анықтады

Ғалымдар генетикалық талдау көмегімен қара аю мен ақ аюдың жақын байланысын анықтады

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Ғалымдар генетикалық талдаудың көмегімен алғаш рет ақ аюлардың (Ursus maritimus) қара аюлардан жуырда ғана бөлініп шығып, одан әрі жылдам дамығанын, қара аю мен ақ аюдың жақын байланысын анықтады. Бұл туралы Буффало университетінің ғалымы Шарлотта Линдквист (Charlotte Lindqvist) бастаған зерттеушілер тобы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Membrana (www.membrana.ru) интернет-журналына сілтеме жасап.

Бұған дейінгі зерттеулер қара аю мен ақ аюдың жақын байланысын көрсеткенімен, ақ аюдың нақпа-нақ эволюцияға ұшыраған сәті анықталмаған болатын. Енді міне, Норвегияның бір аралында 110-130 мың жыл жатқан жақ сүйегіне жасалған талдаулар нәтижесі нақты жауап берді.

Бір тістің материалын пайдаланған ғалымдар митохондрия геномын жасап, оны басқа да алты түрдің, соның ішінде қазіргі заманғы қара және ақ аюлардың ДНК-сымен (дезоксирибонуклеин қышқылы тізбесімен) салыстырған. Талдау нәтижесі поляр жүйесін мекенденетін ақ аюлардың Аляскадағы қара аюлармен жақын байланысы бар екенін дәлелдеп, Ursus maritimus түрінің пайда болу мерзімін осыдан 150 мың жыл бұрын деп болжамдауға алғаш рет мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны