30.10.2018, 15:07 6054

Ғалымдар "Мәӊгілік Ел" идеясыныӊ тарихы мен болашағы туралы ой қозғады

Назарбаев орталығында "Мәӊгілік ел идеясы: тарихы мен болашағы" атты республикалық ғылыми конференциясы өтті.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Назарбаев орталығында "Мәӊгілік ел идеясы: тарихы мен болашағы" атты республикалық ғылыми конференциясы өтті. Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы - қоғамныӊ рухани жаӊаруы міндеттері мәнмәтінінде өткізілген конференцияны Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті-Елбасыныӊ кітапханасы ұйымдастырды.

Іс-шараны конференцияныӊ модераторы, Елбасы кітапханасы директорыныӊ бірінші орынбасары, саяси ғылымдарыныӊ докторы, профессор Имірхан Рахымжанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Құрметті ғылыми конференцияға қатысушылар! Сіздерді "Мәӊгілік Ел: тарихы және болашағы" тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясыныӊ ашылуымен құттықтаймын!Біз небір тар жол, тайғақ кешуден де, неше түрлі сыннан да бірлік пен ынтымақтыӊ арқасында аман өткен елміз. Сондықтан да барымызды бағалап, киемізді қастерлей білетін, ұлтымыздыӊ бағына туған алыптарымызды ардақтап, қадірін түсінетін халықпыз. Ширек ғасыр ішінде асқар асулар мен биік белестерді бағындырып, еӊселі елге айналуымыз Елбасыныӊ кемеӊгерлігі мен көрегендігініӊ арқасында екендігін әрбір қазақстандық жақсы біледі. Елбасыныӊ жыл сайынғы Жолдауларын асыға күтіп, стратегиялық бағдарламалары мен жаһандық бастамаларыныӊ іске асырылуына әр ұжым, әр азамат өзініӊ хал-қадірінше атсалысуға тырысады.Себебі, біздіӊ еліміз жеткен табыстар мен болашақ жоспарлар - Тұӊғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ есімімен байланысты. Біз Президентіміздіӊ "Мәӊгілік ел" жолындағы дана саясатыныӊ арқасында бүгінде дамыған елдер қатарына жеттік. Халықаралық және әлемдік деӊгейде абыройлы, беделді мемлекет атандық. Кеӊ байтақ қазақ жері татулықтыӊ үлгісіне айналып, дамудыӊ қазақстандық жолы қалыптасты. Енді егемен еліміз дамудыӊ жаӊа кезеӊіне аяқ басты.Ұлтты ұлы мұраттар жетілдіреді. Ендеше Мәӊгілік Ел болу жолындағы асқақ мұратымыз орындалсын!

Конференцияда сөз алған Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотыныӊ жанындағы Сот төрелігі академиясыныӊ "Илеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасыныӊ меӊгерушісі, философия ғылымдарыныӊ докторы, профессор Төлеуғали Бүрбаев ""Мәӊгілік Ел" жалпы ұлттық идеясыныӊ құндылықтары Қазақстан қоғамын рухани жаӊғыртудыӊ басты негіздері ретінде" баяндамасында ұлттық идеяға қойылатын талаптарға тоқталды.

-"Мәӊгілік Ел" идеясы негізінде қоғамда көптеген жұмыстар жүргізілуде. "Мәӊгілік Ел" идеясын қалай ұлттық идеяға айналдырамыз? Осы тұста ұлттық идеяға қойылатын талаптарға қысқаша тоқталып өтсем."Мәӊгілік Ел" идеясы - алауыздық пен әлеуметтік жүктемеге жол бермейді. Ұлттық идеяныӊ ішкі және сыртқы өлшемдері бар. Ішкі өлшемдер елдіӊ даму бағыты, деӊгейі, әлеуметтік ахуалы, құндылықтар жүйесіне байланысты болса, сыртқы өлшемде оныӊ басқа елдермен ынтымақтастық негізде қарым-қатынасы көрініс табады. Ұлттық идея әрқашан болашаққа бағытталуы әрі өзекті болуы тиіс... Ұлттық идеяныӊ ішкі мәні - даму, өзгеру, жаӊғыру. Мемлекет пен қоғам үнемі өзгеріп, жаӊғырып, дамыса, онда ұлттық идея да жасампаз болады. Өткен тарих пен бүгінгі даму сабақтастығыныӊ тоғысар сәті де - осында.

-Қоғамдық идеал - ұлттық құндылық. Мәӊгілік ел идеясы алдымен ұлттық мемлекеттілікпен, оныӊ ажырамас рәміздері ретіндегі қазақтыӊ ұлттық қалпы мен жалпыхалықтық құндылықтарымен астасуы қажет. Жетістік - кеӊесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде. Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей, Жалпыұлттық идея - қазақтыӊ Ұлттық Шаӊырағы - Қазақстан құт пен берекеніӊ, ынтымақ пен ырыстыӊ ошағына айналмақ! "Мәӊгілік Ел" қоғамдық идеалын қалыптастыруда қай-қайсымыз қолдан келер қайраткерліктен қапы қалмайық!,- деді өз баяндамасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетініӊ Қазақстандағы филиалыныӊ профессоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Алтайы Оразбекова.

Конференцияға танымал отандық ғалымдар, академиктер, профессорлар, доценттер, сонымен қатар докторанттар мен магистранттар қатысты.

Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасыныӊ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы,ҚР БҒМ Ғылым комитетіФилософия, саясаттану және дінтану институты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі академиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетініӊ Қазақстандағы филиалы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық музейі, "Өрлеу" АҚ Павлодар облысы филиалы мұражай бөлімі, ЦИОМ (Қоғамдық пікір зерттеу орталығы), "Тұран" білім корпорациясы, "Тұран-Астана" университетініӊ қызметкерлері мен өкілдері конференцияда Мәӊгілік ел идеясына байланысты жұмыстардыӊ тарихи, экономикалық, саяси, философиялық, мәдени, әлеуметтік, құқықтық және басқа да қырларын талқылады.

Конференция жұмысыныӊ қорытындысы бойынша "Қазақстан жолы: Мәӊгілік Ел" монографиясын шығару жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны