09.11.2010, 17:49 8275

Ғалымдар зерттеуге алынған тұрмыстық химиялық заттардың барлығында улы заттардың бар екендігін анықтаған

Ғалымдар зерттеуге алынған тұрмыстық химиялық заттардың барлығында улы заттардың бар екендігін анықтаған

Алматы. 9 - қараша. Kazakhstan Today - Америкалық ғалымдардан құралған топ қош иісті тұрмыстық химиялық заттарды зерттеуге алып, олардың барлығының құрамында улы заттардың бар екендігін анықтаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Scienceblog.ru. сілтеме жасай отырып.

Барлығы 25 марканың өнімі зерттеуге алынған. Зерттеу нәтижесі бойынша "экологиялық таза" немесе "табиғи" деген қасиеттерімен тұтынушыларға ұсынылған ыдыс-аяқ жуғыш заттарда, тазалаушы заттарда, балалар су сабыны мен дезодоранттарда 133 жуық химиялық заттар тіркелген, олардың 17-сі ұшпа заттар. Сонда -ақ, зерттеу барысында заттың құрамында айтарлықтай мөлшерде кездесетін химиялық қоспалар ғана ескерілген.

Enviromental Impact Assessment журналында, заттың төрттен бірі федеральдық заңнама бойынша улы, ал 11-ден бірі белгілі канцерогенді заттарға жататындығы көрсетілген. Олар көбінесе зат жапсырмасында "қош иістендіргіш", "эфир майы" деп көрсетіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны