19.01.2012, 16:29 3349

Ғани Қасымов жаңадан туған нәрестелерге 2 млн теңгеден беруді ұсынып отыр

"Бала туғаннан кейін ең алғашқы, ауыр кезең бір жасқа дейінгі уақыт. Азық-түлік бағасы, бала тағамдары мен медициналық қызмет құны бірнеше есеге артты", - деген пікірімен бөліскен ел қалаулысы.

Астана. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысы барысында депутат Ғани Қасымов палатаның қарауына жаңа туған нәрестеге 2 млн теңге көлемінде жәрдемақы төлеу мәселесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "бала туғаннан кейін ең алғашқы, ауыр кезең бір жасқа дейінгі уақыт. Азық-түлік бағасы, бала тағамдары мен медициналық қызмет құны бірнеше есеге артты", - деген пікірімен бөліскен ел қалаулысы.

Ғ.Қасымов сонымен қатар "жүктілік кезінде әйелдердің тиісті құжаттарды жинау үшін айлар бойы жүретініне" наразылық білдірді.

"Дені сау ұрпақ дүниеге әкелу үшін аналардың өзі күтім мен дұрыс тамақтануға мұқтаж. Сол себепті мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осы мәселеге қатысты өз ұсыныстарын енгізуі қажет деп есептеймін. Сондықтан кез келген жағдайда бірінші немесе оныншы, маңызды емес, бала дүниеге келгенде еш кедергісіз бірреттік өтемақы алатындай жағдай жасайық. Оларға 1,5-2 млн теңге берейік", - деп мәлімдеді сенатор.

"Егер өз ұрпақтарымыздың мықты әрі сау болғанын қаласақ, осыған қадам жасайық", - деп қорытты Ғ.Қасымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны