29.06.2018, 23:44 2591

Гемофилиямен ауыратын науқастарға көмектіӊ сапасы мен қолжетімділігі - мемлекеттіӊ және ҮЕҰ-дыӊ ортақ міндеті

Талқылау барысында ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова медициналық ұйымдардыӊ препараттарға қажеттілігін қалыптастыру кезінде және оларды тарату кезде бақылаудыӊ қажеттілігін атап өтті.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today -ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ бастамасымен ұйымдастырылған дөӊгелек үстел барысында гемофилиямен ауыратын науқастардыӊ Қазақстандық Ассоциациясыныӊ өкілдері дәрілік қамтамасыз ету және медициналық көмек алуда гемофилиямен ауыратын науқастардыӊ кездесетін мәселелері туралы айтты.

Дөӊгелек үстелге ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова, "Қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамы" республикалық қоғам бірлестігі президенті Ирина Пивоварова, "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы Берік Шәріп, ҰДЗСО бас директорыныӊ бірінші орынбасары Арнұр Нұртаев, гемофилиямен ауыратын Қазақстан мүгедектері қауымдастығыныӊ президенті Тамара Рыбалова, сондай-ақ қауымдастық мүшелері қатысты.

Гемофилиямен ауыратын Қазақстан мүгедектері қауымдастығыныӊ президенті Тамара Рыбалова қызу пікірталас барысында науқастарды неғұрлым алаӊдатып отырған сұрақтарды көтерді: 2019 ж. қан ұю факторларын уақытылы сатып алу, орындарда препараттарға қажеттіліктерді қалыптастыру дұрыстығы. Сондай-ақ, қан ұю факторларыныӊ жаӊа түрлерініӊ пайда болуы және қазақстандық нарықта тіркелген жағдайда оларды сатып алу мүмкіндіктері талқыланды.

Талқылау барысында ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова медициналық ұйымдардыӊ препараттарға қажеттілігін қалыптастыру кезінде және оларды тарату кезде бақылаудыӊ қажеттілігін атап өтті.

Денсаулық сақтауды цифрландыру бағдарламасын енгізу шеӊберінде емдеуші дәрігердіӊ тағайындалған терапиялық кеӊесі қосылған науқастардыӊ атауландырылған есебін енгізу, медициналық ұйымдардыӊ қажеттіліктерін қалыптастыру кезінде есептердіӊ дәлдігімен мәселені шешеді."Қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамы" республикалық қоғам бірлестігі президенті Ирина Пивоварова науқастардыӊ өзін-өзі бақылау парақтарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, гемофилиямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету мәселелері де талқыланды: ингибиторлық формадағы балаларға медициналық көмек көрсету және гемофилиямен ауыратын науқастар үшін республикалық орталық ашу.Ирина Пивоварова,барлық көтерілген мәселелер гематологиялық қызмет бойынша әзірленген жол картасында ескерілгенін, қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігіне келісу үшін жіберілгенін айтты.

Сонымен қатар, науқастар оларды алаӊдатқан гемофилияны әлеуметтік мәні бар аурулар тізімінен шығару туралы мәселеге түсіндірме алды. Людмила Бюрабекованыӊ айтуынша, қазіргі уақытта бұл бұйрық қоғамдық талқылау рәсімінен өтуде. Сонымен бірге, ауруды әлеуметтік мәні бар аурулар тізімнен алып тастау, гемофилиямен ауыратын науқастарды дәрілік қамтамасыз етуге әсер етпеуі керек.

Талқылаудыӊ нәтижесі бойынша қауымдастықтардыӊ барлық жұмысын және сондай-ақ мемлекет пен қауымдастықтар арасындағы тығыз ынтымақтастықта басты мақсатқа - гемофилияменауыратын науқастарға дәрілік және кез келген басқа медициналық көмектіӊ сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылу туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны