08.06.2017, 12:19 2647

Геннадий Головкин "Туған жер" бағдарламасы шеӊберінде Майқұдық тұрғындарына балалар алаӊын сыйға тартты

Жаӊа ойын кешені Майқұдықтыӊ 14-ші ықшам ауданында салынады. Оны өз қаражатына атақты боксшы Геннадий Головкин тұрғызады. Ол жайында спортшы Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошановқа жеке кездесуі барысында айтты.

Қарағанды. 8 маусым. Kazakhstan Today - Жаӊа ойын кешені Майқұдықтыӊ 14-ші ықшам ауданында салынады. Оны өз қаражатына атақты боксшы Геннадий Головкин тұрғызады. Ол жайында спортшы Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошановқа жеке кездесуі барысында айтты.

- Біздіӊ Президентіміз рухани жаӊғыру туралы "Туған жер" бағдарламасын жариялап, бастамашы болды, - деді аймақ басшысы боксшыға. - Ол кәсіпкерлерді, табысты азаматтарды өз туған жеріне қамқор болуға шақырды. Біреулер мектеп салса, басқа біреулері өзініӊ өскен ауласын абаттандыра алады. Бұл бастаманы көптеген кәсіпкерлер құптады.

Геннадий Головкин де бұл үрдістен тыс қалмайтынына уәде берді.

- Бұл керемет! - деп жауап қайырды ол. - Мен де қуана бұл бағдарламаға қосыламын. Меніӊше, егер мен өзімніӊ туып өскен ауламда жаӊа балалар ойын кешенін орнатсам жақсы болар еді. Президентіміздіӊ бастамасын мен де толықтай құптаймын және қосыламын.

Жаӊа балалар ойын кешені Майқұдықтыӊ 14-ші ықшам ауданында келесі аптада құрылып, қолданысқа беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны