Система Orphus

Германия мен Швейцариялық туристер "Экспресс Жібек жолы" пойызымен Маӊғыстауға келді

09.09.2016, 10:57 7283

Маӊғыстау. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Германия мен Швейцарияныӊ 30 турисін алған "Экспресс Жібек жолы" пойызы Маӊғыстау станциясына келіп жетті, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанға келген алғашқы саяхатшылар мінген "Жібек жолы" туристік пойызы Маӊғыстау облысын таӊдапты.

Туристерді вокзалда "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ - "Маӊғыстау бөлімшесі ЖТ" бастығыныӊ бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов бастаған теміржолшылар мен жергілікті халық қонақжайлықпен қарсы алды.

Маӊғыстаулық құрметті теміржолшы Табылды Иміров қонақтарға Қазақстандағы Еуропаға шығатын бірден-бір теӊіз қақпасы болып табылатын Ақтау айлағы мен Құрық портыныӊ болашағы, қарт түбектіӊ бай ресурстарымен, тарихи ескерткіштерімен ерекшеленетінін әӊгімелеп, саяхатшылардыӊ демалысын көӊілді өткізетініне сенім білдірді.

Туристердіӊ басын қосқан бұл жобаны неміс компаниясы "Лерн" ұйымдастырып отыр. Жобаныӊ мақсаты - Азия елдерініӊ мәдениеті мен Ұлы Жібек жолын еуропалықтарға таныстыру.

Маӊғыстау облыстық туризм басқармасыныӊ басшысы Гүлжан Байжауынова Маӊғыстау түбегіне соӊғы кезде шетелдіктердіӊ қызығушылығы арта түскендігін айтады.

Ағымдағы жылдыӊ алғашқы жартысында ғана облысқа барлығы 80525 шетелдік келген. Қыркүйектіӊ ішінде екінші топпен тағы 65 саяхатшыныӊ келуі күтіліп отыр.

Саяхатшылар кеӊ -байтақ Қазақстанды аралауға темір жол көлігін қолайлы көретіндігі байқалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны