16.03.2011, 14:10 3786

Германияда Қазақстандық дипломат такси жүргізушісін соққыға жықты

Германияда Қазақстандық дипломат такси жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz. агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Берлин. 16 - наурыз. Kazakhstan Today - Германияда Қазақстандық дипломат такси жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz. агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, 25 жастағы Қазақстан елшілігінің атташесі мас күйінде жексенбі күні Берлиннің Шарлоттенбург ауданында таксиге отырған. Сапарының басында қол жұмсауды бастаған дипломат жүргізушінің бетінен ұрған.

Жүргізуші автокөлікті тоқтатқан кезде, дипломатиялық өкілдіктің қызметкері ақша төлемей қашып кеткен.

Алайда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері дипломатты ұстап, кейіннен дипломатиялық паспорты болғаннан кейін босатуға мәжбүр болды.

Атташе такси қызметіне ақыры ақша төледі. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны