14.11.2017, 17:37 4205

Германияда "Оралман" фильмініӊ еуропалық тұсаукесері өтеді

Режиссер Сәбит Құрманбековтіӊ "Оралман" фильмі үстіміздегі жылы қарашаныӊ 9 - 19 күндері өтетін 66-шы Халықаралық Мангейм-Хайдельберг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кинофестивалініӊ негізгі бағдарламасында бақ сынайды.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Режиссер Сәбит Құрманбековтіӊ "Оралман" фильмі үстіміздегі жылы қарашаныӊ 9 - 19 күндері өтетін 66-шы Халықаралық Мангейм-Хайдельберг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кинофестивалініӊ негізгі бағдарламасында бақ сынайды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген аталмыш фильм туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соӊ Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды.

- Фильм Германияныӊ фестиваліне қатысқалы жатқаны үшін қуаныштымын. Меніӊ туған ауылым Алдабергенде немістер көп тұратын. Сыныптастарымныӊ жартысы немістер еді. Олардыӊ көбі 80-жылдардыӊ аяғында тарихи отандарына оралды. Олар да атамекендерінде түрлі қиындыққа тап болды. Сондықтан да репатрианттар тақырыбы - бүкіл әлемде өзекті, - деді Сәбит Құрманбеков.

Халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалі 1952 жылдан бері өткізіліп келеді. Фестиваль киноиндустрияныӊ кәсіби мамандарына және киносүйер қауымға арналған. Жыл сайын фестивальге 500 кәсіби маман мен 60 мыӊ көрермен қатысады. Бұл өз кезегінде кинофестивальдіӊ ауқымы кеӊ және Германиядағы еӊ ірі фестивальдердіӊ бірі екенін дәлелдейді. Фестиваль шеӊберінде режиссерлермен, актерлермен және продюсерлермен кездесулер ұйымдастырылады.

Фестиваль келесі аталымдар бойынша үздіктерді анықтайды: "Үздік фильм", "Арнайы жүлде", "Жетістіктері үшін арнайы жүлде". Негізгі конкурстық жүлдеден басқа фестиваль аясында кинотеатр иегерлері және Халықаралық кинобаспасөз федерациясы (ФИПРЕССИ) өздерініӊ марапаттарын табыстайды. Сондай-ақ, көрермендер көзайымы жүлдесі де беріледі.

Биыл фестивальдіӊ бас жүлдесіне отандық картинадан басқа 22 елден 21 картина таласқа түседі. Олардыӊ қатарында Франция, Аргентина, Дания, Эстония, Исландия, Үндістан, Иран, Израиль, Түркия, АҚШ, Германия және басқа елдер бар.

Жеӊімпаздар есімін 2017 жылы 19 қараша күні фестивальдіӊ жабылу салтанатында жариялайды.

Айта кетелік, Башқұртстанда үстіміздегі жылдыӊ желтоқсанында өтетін IV Халықаралық "Күміс Ақбозат" кинофестивалініӊ ашылу салтанаты "Оралман" фильмімен ашылады.

Естеріӊізге сала кетсек, "Оралман" көркем фильмі осы жылдыӊ басында

Иранныӊ астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалі мен XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалініӊ Бас жүлдесін жеӊіп алған болатын. Фильмде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда қыркүйек айында Татарстанда өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде "Үздік ер адам рөлі" жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ, картина Италияда өткен ХХ Халықаралық "Religion Today" кинофестивалінде "Үздік фильм" номинациясында жеӊіске жетіп, тәуелсіз SIGNIS қазылар алқасыныӊ арнайы жүлдесін иемденді.

Фильм жайлы: Фильм ХХ ғасырдыӊ 30-шы жылдары қызыл әскердіӊ жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттыӊ бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдыӊ отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді.

Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Қадам" ЖШС (кинокомпания) қатысуымен

Жанры: әлеуметтік драма

Режиссері: Сәбит Құрманбеков

Сценарий авторы: Нұрлан Санжар, Сәбит Құрманбековтіӊ қатысуымен

Қоюшы операторы: Марс Умаров

Қоюшы суретшісі: Рустам Одинаев

Композиторы: Айдос Сағат

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны