04.07.2017, 13:29 4450

Голландиялық ғарышкер Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы этноауылмен танысты

Қонақтар он алты қанаттық хан киіз үйі ерекше әсер қалдырғанын айтады. Қаз-қатар тігілген ақшаӊқан үйлерді аралап шыққан олар қолөнер шеберлерініӊ төл туындыларын жоғары бағалады. Сондай-ақ, туристер алтыбақан теуіп, балуандар күресін тамашалады. Сәйгүлікке мініп, серуен құрды. Осылайша, қазақ халқыныӊ бай мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мол мағлұмат алды.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Осыдан оншақты күн бұрын ЭКСПО-2017" көрмесі аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында ашылған этноауылды тамашалаушылар қатарында шетелдік туристер қатарыныӊ көбейгенін бұдан бұрын да хабарлаған едік. Қазақтыӊ салты мен дәстүрін паш еткен ауылға Германия, Ирландия, Румыния, Франция, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ге жуық турист келген. Олардыӊ қатары кеше Анрде Кейперс бастаған делегациямен толықты.

Нидерландық астронавт бастаған 25 адамдық делегация алдымен әуелі ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ туристік маршрутына енген Байқоӊыр кешенін тамашалады. Мұнан соӊ Қорқыт ата кешені маӊынан ашылған этноауылға жетті.

Қонақтар он алты қанаттық хан киіз үйі ерекше әсер қалдырғанын айтады. Қаз-қатар тігілген ақшаӊқан үйлерді аралап шыққан олар қолөнер шеберлерініӊ төл туындыларын жоғары бағалады. Сондай-ақ, туристер алтыбақан теуіп, балуандар күресін тамашалады. Сәйгүлікке мініп, серуен құрды. Осылайша, қазақ халқыныӊ бай мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мол мағлұмат алды.

Ал ертеӊ этноауылға Жапония Парламентініӊ депутаттары келеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны