01.04.2013, 09:46 3487

Google компаниясы YouTube пайдаланушыларын "алдады"

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бірінші сәуірде Google компаниясы интернет пайдаланушыларды "алдады". Ол 1 сәуірден бастап 2023 жылға дейін YouTube порталының "жабылатыны" туралы хабарлап, әзілдеген.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Google компаниясы YouTube пайдаланушыларын "алдады", деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бірінші сәуірде Google компаниясы интернет пайдаланушыларды "алдады". Ол 1 сәуірден бастап 2023 жылға дейін YouTube порталының "жабылатыны" туралы хабарлап, әзілдеген.

"1 сәуірде түн ортасында YouTube порталы жұмысын тоқтатады. Бұл мамандардың келесі он жыл ішінде каналдың ашылған күнінен бастап орналастырылған үздік видеоның авторын анықтау үшін жасалады", - деп хабарлады компаниядан.

Акция 1 сәуірде басталады. Google хабарлағандай, акция барысын тікелей эфирде бақылауға болады. Алғашқы 12 сағатта трансляция Лос-Анджелестегі YouTube өкілдігінен көрсетілетін болады. Барлық видеоны көруге он жылдай уақыт кетеді. Жеңімпазға MP3-плеер мен 500 доллар көлемінде стипендия беріледі. Және акция ұйымдастырушылары бұл шарадан кейін порталдағы видеоның барлығы өшіріледі деп хабарлады. Ирине, бұның барлығы бірінші сәуірге арналған әзіл болып шықты.

Қазіргі таңда каналдың аудиториясы 1 миллиард адамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны