09.04.2013, 11:26 4482

Google WhatsApp хабарламамен алмасу платформасын сатып алу мақсатында келіссөздер жүргізіп жатыр

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, олар бұл мәселені "төрт не бес апта бойында" талқылап келеді. Бұл туралы Digital Trend келіссөз туралы нақты білгені бар бір кісіге сілтеме жасай отырып мәлімдейді. Қайнаркөздің айтуы бойынша, осы уақытқа дейін WhatsApp құнын 1 миллиард долларға дейін өсіріп үлгерген.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Google WhatsApp хабарламамен алмасу платформасын сатып алу мақсатында келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, олар бұл мәселені "төрт не бес апта бойында" талқылап келеді. Бұл туралы Digital Trend келіссөз туралы нақты білгені бар бір кісіге сілтеме жасай отырып мәлімдейді. Қайнаркөздің айтуы бойынша, осы уақытқа дейін WhatsApp құнын 1 миллиард долларға дейін өсіріп үлгерген.

WhatsApp ұялы телефон пайдаланушыларына қолжетімді ең танымал хабар алмасу қосымшаларының бірі. Қосымша кез келген ұялы телефон платформасынан, оның ішінде Android, iOS, BlackBerry және Windows Phone платформаларынан қашықтан хабар, бейне, аудиожазба және видео хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Хабарламаны жолдау барысында жолдаушылар жіберліген SMS үшін ешқандай ақы төлемейді.

WhatsApp қосымшасының шын мәнінде 1 млрд. АҚШ доллары тұрып-тұрмайтыны пікірталас барысында нақтылана жатар. Айта кетейік, дәл осы соманы былтыр Facebook Instagram қызметін сатып алу үшін төлеген болатын. Кейбір мамандар бұл қызметтің әлеуметтік желіде үлкен табысқа кенеле қоймағанын алға тартады. Digital Trends келтрген мәлімет тек қана бір қайнаркөзге сүйене айтылғандықтан, оны қазіргі уақытта нақты ақпарат ретінде қабылдау ерте болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны