22.01.2021, 19:22 10567

GPS-бақылау жүйесі Қазсушардың барлық көліктері мен арнайы техникаларына орнатылған

Бүгінгі күні филиалдардың 645 көлігі немесе GPS датчиктері орнатуға жататын техниканың жалпы санының 76,8% цифрландырылды.

Нұр-Сұлтан. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазсушар" РМК пайдалану шығындарын оңтайландыру үшін қызметтік көлік құралдарын, оның ішінде барлық филиалдарда GPS бақылау датчиктерімен жабдықтаудың пилоттық жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, GPS-датчиктерді орнату бәсекелестік нарықтан жалға алу және ашық сатып алу қағидаттарында ғана жүзеге асырылады. Датчиктерді жалға алу филиалдардың шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені датчиктердің құны 40-50 мың теңге аралығында өзгереді, ал жалдау құны айына 2 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар, датчик кез келген уақытта, ол есептен шығарылған, сатылған, істен шыққан және басқа да жағдайларда техникадан бөлшектелуі немесе басқа техникаға орнатылуы мүмкін.

Бүгінгі күні филиалдардың 645 көлігі немесе GPS датчиктері орнатуға жататын техниканың жалпы санының 76,8% цифрландырылды.

GPS-датчиктерін орнату аяқталғаннан кейін есеп беруді автоматтандыру, көліктік диспетчерлік бөлмелерді қайта құру, жанармай шығынын азайту мен компанияның көлік және арнайы техникаларын пайдалану тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны