08.02.2016, 18:03 3990

Гранатаатқыштар жиынға шықты

"Дарбаза" оқу-жаттығу полигонында "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы 35748, 32039, 74884 әскери бөлімдері гранатаатқыштарыныӊ жиыны аяқталды. 75-ке жуық әскери қызметші мамандықтар бойынша дайындықтан өтті

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - "Дарбаза" оқу-жаттығу полигонында "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы 35748, 32039, 74884 әскери бөлімдері гранатаатқыштарыныӊ жиыны аяқталды. 75-ке жуық әскери қызметші мамандықтар бойынша дайындықтан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шымкент гарнизоныныӊ әскери қызметшілері практикалық сабақтар және атыс даярлығы бойынша кәсібиліктері мен жауынгерлік дағдыларын арттыру үшін әскери атыс орнына шықты. Олар қарсыластыӊ нысаналарын шебер жойып қана қоймай, оларға жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындауы, штаттық қаруды жете білуі тиіс. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Шешуші соӊғы кезеӊде оқ ату негіздері мен ережелерін білу, бақылау атыстары мен қол танкіге қарсы гранатаатқыштан жаттығуларды және Калашников автоматынан бақылау атыстарыныӊ 4-жаттығуын практикалық орындау жөнінде сынақ жүргізілді.

Жеке дара дайындық және бөлімшелердіӊ жауынгерлік үйлесімі бойынша сабақтарға барлық қолда бар оқу-материалдық база тартылды, оқ-дәрілердіӊ қажетті лимиті бөлінді. Жиынды өткізу барысында тартылған бөлімдердіӊ әскери қызметшілері әскери істе барынша ұйымдасқандықтары мен шеберліктерін танытты.

Өткізілген жиын қорытындысы бойынша өз ісін білу және кәсіпқойлығын көрсетуде жақсы нәтижелер көрсеткен 74884 әскери бөлімініӊ (Арыс қ.) гранатаатқыштары жақсы жағынан атап өтілді.

Жиынға қатысушылар қызметте маӊызды талап болып табылатын жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізу кезінде әрі қарай өзініӊ күнделікті қызметінде іске асыратын практикалық машық алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны