22.05.2018, 11:35 5720

Греция астанасы Афина қаласында алғаш рет өткен халықаралық әскери музыкалық "Амфония" атты фестиваліне Мемлекеттік күзет қызметініӊ Президенттік оркестрі қатысты

Жалпы екі күнге созылатын фестивальде 300-ге жуық өнерпаз қатысты.

Астана. 22 мамыр Kazakhstan Today - Греция астанасы Афина қаласында алғаш рет халықаралық әскери музыкалық "Амфония" атты фестиваль өтті. Фестивальдіӊ негізгі шаралары 18-19 мамыр күндері Афина қаласыныӊ тарихи орталығы Запион алаӊында болды.

Греция елінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальде ресейлік "Спасская башня" фестивалініӊ тұрақты қатысушылары өнер көрсетті. Олардыӊ қатарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметініӊ Президенттік оркестрі, Ресейдіӊ ұлттық ұлан әскерлерініӊ оркестрі, Мәскеулік казактар хоры және Арменияныӊ қыздардан құралған "Ереванские барабаны" тобы.

Қазақстандық ұжым грек еліндегі көрерменін сан қырлы әуеннен құралған бағдарламасымен таӊ қалдырды. Мәселен, ұлттық әуен "Сүгірдіӊ термесімен" көрініс тапса, әлемге әйгілі танымал "Stend by me" (Ben E King) және "Quizas" сынды шығармалар Президенттік оркестр солистері Асылхан Шалқаров пен Исел Мәдекешованыӊ шебер орындауларымен ерекшеленді.

Сондай-ақ, өзге топтардан Қазақстандық Президенттік оркестрдіӊ ерекшелігі олардыӊ репертуарындағы бірқатар шығармалар оркестр музыканттарыныӊ төл туындылары. Мәселен, Афина төрінде шырқалатын "Ұлы дала" күйі ҚР МКҚ Президенттік оркестрініӊ домбырашысы Жандос Мұхтаровтыӊ туындысы, "East-West" композициясы халықаралық байқаулардыӊ лауреаты, домбырашы Олжас Сүлейменовтыӊ шығармасы.

Қазақстандық ұжым өз бағдарламасын әдеттегідей, дәстүрге айналған Президенттік оркестрдіӊ бастығы, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері полковник Талғат Бердіғұловтыӊ "Абылай хан" маршымен бастап, қазақ елініӊ дархан даласы мен елорданыӊ әсемдігін бейнелейтін "Астана" және Президенттік оркестрдіӊ жетекші солисі Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Ардақ Балажанованыӊ орындауындағы "Мәӊгілік ел" әнімен қорытындылады. Ұлттық әуендер мыӊ бұралған бишілердіӊ сүйемелдеуімен әрлене түсті.

Сонымен қатар, фестиваль барысында Италиядан келген ту ұстаушылар тобы және Афина қаласыныӊ еӊ үлкен балалар хоры өнер көрсетті. Фестивальдіӊ арнайы қонақтары Стефанос Корколис пен София Манусаки әуезді әндерімен кеш қонақтарына әдемі көӊіл күй сыйлары сөзсіз. Жалпы екі күнге созылатын фестивальде 300-ге жуық өнерпаз қатысты.

Фестиваль Валерий Смирновтыӊ басқаруындағы "Афиналық әскери музыкалық фестиваль" қорыныӊ бастамасымен, Қазақстан Республикасыныӊ Грециядағы елшілігініӊ қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

"Осындай деӊігейдегі фестивальді өткізуге Афина жері әбден лайық деп білеміз. Бұл фестиваль әлемде мейірімділік пен достықтыӊ нышаны ретінде қабылданса деген ниетіміз бар" - дейді, фестивальдіӊ жетекшісі.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны