27.01.2011, 17:45 4165

Грузияда "доңыз тұмауына" шалдыққандар саны 70-тен асып жығылады

Грузияда "доңыз тұмауына" шалдыққандар саны 70-тен асып жығылады. Бұл туралы Грузияның Еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрі Андрей Урушазде үкімет мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 27 - қаңтар. Kazakhstan Today - Грузияда "доңыз тұмауына" шалдыққандар саны 70-тен асып жығылады. Бұл туралы Грузияның Еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрі Андрей Урушазде үкімет мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "зертханалық жолмен әзірге расталмаған оқиғалардың саны одан әлдеқайда көп, бірақ бұл байбалам салуға негіз жоқ",- дейді министр.

А.Урушадзенің айтуынша, елдің барлық ауруханалары "тұмауды" емдеуге қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, амбулаториялық қызметтің қолжетімділігі де артып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Грузияда жылдың басынан бері төрт адам "доңыз тұмауынан" көз жұмды, оның үшеуі - жүкті әйелдер. Кутаиси дәрігерлері, науқастардың дәрігерлердың алдына тым кеш келгендерін, сондықтан да жасалған ем-домдардың оң нәтиже бермегенін айтып отыр. Осыған орай Грузияның денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға тұмаудың алғашқы белгілері байқалға сәтте дереу дәрігердің алдына баруға кеңес беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны