18.04.2008, 12:34 2762

Грузияның Аджария автономиялық Республикасы Қазақстанның Маңғыстау облысымен ынтымақтасады

Грузияның Аджария автономиялық Республикасы Қазақстанның Маңғыстау облысымен ынтымақтасады

Ақтау. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Грузияның Аджар автономиялық Республикасының үкіметі кеше Ақтаудың кәсіпкерлер мен кәсіпорындар департаменті директорымен ынтымақтастық жөнінде меморандумына қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер мен кәсіпорындар департаменті директоры Дүйсен Иділханов атап өткеніндей, мұндай кездесу екі аймақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықты қарқынды түрде дамытуға бағытталған әрекет және әлемдік экономикаға бірлесе отырып ықпалдасудың белгісі.

Оның берген мәліметтері бойынша, Маңғыстау облысы мен Грузия арасындағы тауар айналымы өткен 2007 жылы $33,5 млн құрады, соның ішінде экспорт көлемі - $32,3 млн, ал импорт $1,2 млн жетті.

"Бұл екі аймақтық ынтымақтастығының қарқынды дамуының дәлелі ", - деп атап өтті Д. Иділханов.

Қол қойылған меморандум бойынша екі аймақ сауда -экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалары бағытында ықпалдасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны