22.08.2007, 16:14 3088

GSM-Қазақстан "SMS арқылы Интернет төлемі" қызметін енгізді

"GSM-Қазақстан" ЖШС K-Cell абоненттері үшін "SMS арқылы Интернет төлемі" қызметін енгізді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АЛМАТЫ. "GSM-Қазақстан" ЖШС K-Cell абоненттері үшін "SMS арқылы Интернет төлемі" қызметін енгізді, деп айтылған компанияның баспасөз баянында.

"K-Cell абоненттері үшін 1-тамыздан бастап SMS арқылы DUCAT NetCARD (Интернет желесіне ену) сатып алу қызметі енгізілді. Бұл үшін 50100 немесес 50300 нөміріне қажетті номиналға - 100 теңге немесе 300 теңгеге байланысты SMS жіберу қажет",- деп айтылған мәтінде.

Баспасөз баянында көрсетілгендей, Алматы тұрғындары үшін "Alm", Астана тұрғындары үшін "Ast", ал Атырау тұрғындары үшін "Atr" мәтінімен SMS жіберу қажет.

Ұялы байланыс операторының ақпараттары бойынша, абонент бірнеше секунд ішінде PIN-код алып, оның көмегімен DUCAT арқылы Интернетке кіру қызметін пайдалана алады. Алынған PIN-код үшін ақша абоненттің ұялы телефонындағы баланстан есептеледі және де SMS бағасы "GSM-Қазақстан" ЖШС тарифіне сәйкес мәтінде нақтыланады.

"GSM-Қазақстан" ЖШС-іне K-Cell және Activ сауда маркалары тиесілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны