22.05.2013, 16:08 4425

Хакерлік шабуылдардың саны өршіп барады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, хакерлік шабуылдардың саны жыл сайын өршіп барады. Бұл туралы Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы І халықаралық конференция барысында McAfee-тің Еуропа, Африка, Азия мен Таяу Шығыстың дамушы елдері бойынша техникалық директоры Alex de Graaf мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Хакерлік шабуылдардың саны өршіп барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, хакерлік шабуылдардың саны жыл сайын өршіп барады. Бұл туралы Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы І халықаралық конференция барысында McAfee-тің Еуропа, Африка, Азия мен Таяу Шығыстың дамушы елдері бойынша техникалық директоры Alex de Graaf мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Біз ақпараттық қауіпсіздік туралы білеміз, естіп жатамыз. Егер өткен жылдың 4 тоқсаны бойынша мәліметтерге жүгінетін болсақ, үш негізгі үрдісті көруге болады, олар, біріншіден, мобильді қауіптердің өсуі. Мұндағы негізгі жайт - өз қызметтерін мобильдік құралдарға бағыттап отырған хакерлер. 30 жыл бұрын хакерлікпен айналысқанымда, оны мақтан тұтатынмын. Олар өз алдыларына әлемді құртамыз деген мақсат қоймайды, соған қарамастан өз күштерін белгілі бір салаға бұрады, айталық мұнайгаз саласына, сол арқылы елдегі нақты жүйелерге шабуыл жасайды, ол жүйелердің арасында мемлекеттік те болуы мүмкін. Сондай шабуылдардың өсіп бара жатқанын аңғарып отырмыз", - деді Алекс де Грааф (Alex de Graaf).

McAfee директорының айтуынша, былтыр осындай шабуылдарға тап болған ірі мұнайгаз компаниясы ұйымның ең ірі клиенттерінің біріне айналған.

"Бір ғана шабуылдың кесірінен ол компанияның 3 мың сервері бірдей істен шыққан. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл мобильді вирустардың саны 44 есеге өскен. Бұл тым көп", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны