11.05.2012, 18:23 3361

"Халал" маркалы өнімнің сапасы күмән туғызуда

Илемде мұсылмандар саны артқан сайын шариғат шарттарын ұстанатын өндірістер де дамып жатыр. Ислам институттары мен халал тағамдардан басталған өнеркәсіптер қазір косметика, фармацевтика, туризм мен киім өндірісі сияқты көптеген салада қарқынды дамып келеді" дейді Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу тобы.

Астана. 11-мамыр. Kazakhstan Today - "Халал" маркалы өнімнің сапасы күмән туғызуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, әлемде мұсылмандар саны артқан сайын шариғат шарттарын ұстанатын өндірістер де дамып жатыр. Ислам институттары мен халал тағамдардан басталған өнеркәсіптер қазір косметика, фармацевтика, туризм мен киім өндірісі сияқты көптеген салада қарқынды дамып келеді" дейді Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу тобы.

Дүниежүзіндегі халал индустрияның даму барысын зерттеген EIU (Лондон) экономикалық сараптама тобы Кувейт қаржы орталығымен бірігіп, әлемде халал бизнесін жүргізіп отырған 400-ге жуық кәсіпкермен сауалнама жүргізген. Кәсіпкерлердің жартысынан көбі халал өнімдерге сұраныс жылдан-жылға көбейіп, бұл өндірістен түскен табыстары артып отырғанын айтқан.

Зерттеуге қатысқандардың 81 пайызы "тұтынушылар үшін өнімдердің "халал тағам" деген брэнді - маңызды" деп жауап берген.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, халал заттарға сұраныс көп мемлекеттер - араб елдері. Екінші орында - Солтүстік Африка, үшінші орында Оңтүстік Азия тұр. EIU зерттеу тобы халал өнімдерді тұтынушылар мұсылмандар көп тұратын Солтүстік Америка мен Батыс Еуропада да ұлғайғанын айтады.

"Халалдан" бәз біреулер пайда да тауып жатыр.

Қазақстанда да соңғы жылдары халал өнімдеріне сұраныс күшейген сайын халал тағамдарын өндіретін компаниялар да көбейген. Қазір бұл салада 500-дей кәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылдан бері елдегі халал тауарлар өндірісін бақылауға алып, рұқсат құжат беріп отыратын Халал талаптары бойынша техникалық сараптау комиссиясы құрылған.

"Халал" брэнді Қазақстанда кең тараған. Қазір "халал мейрамхана", "халал той", "халал тамада" деген тіркестер жиі айтылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны