15.05.2009, 19:05 2873

Халық бізден қоғамды жаңартып, рухани серпіліс беретін батыл шешімдер күтіп отыр - президент

Халық бізден қоғамды жаңартып, рухани серпіліс беретін батыл шешімдер күтіп отыр - президент

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Халқымыз бізден қоғамды жаңартып, рухани серпіліс беретін батыл шешімдер күтіп отыр. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Партия ел-жұрттың артқан сенімін де, үмітін де ақтауға міндетті.

Келбеті кемел, халқы дәулетті, экономикасы өскелең, ел-жұрты тату-тәтті, қоғамы орнықты мемлекет - міне, еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі көрсеткіші осы болмақ",- деді Елбасы.

Президенттің пікірінше, "бүгінде "бәрі жаман" дегенге сене қоятын ешкім жоқ. Қарапайым халық өзінің мұң-мұқтажына құлақ түретін, іспен жауап беретін партияға, яғни "Нұр Отанға" ғана сеніп отыр.

"Ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жолындағы жасампаз істердің барлығының басында "Нұр Отан" жүруі керек. "Нұр Отан" өзінің алдына қойған бұл мақсатына жетеріне толық сенеміз",- деді президент.

"Ол үшін партия - заман талабына сай жаңашыл болуы тиіс. Саяси бәсекеде өмірді жақсартуға барынша қабілетті болуы керек. Көпшілік қолдайтындай ел сеніміне лайық бола білуі міндет. "Нұр Отанды" мен осындай партия деп білемін.Біз алдағы уақытта да ойға алған барлық шаруаны бірлесіп жүзеге асыратын боламыз. Сөйтіп, Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдырамыз",- деді Елбасы.

"Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар екенін мен айттым. Ендеше, асқақ мақсат жолында бәріміз бір кісідей жұмылып, нақты іске кірісейік, ағайын", деді Нұрсұлтан Назарбаев сьезге қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны