15.07.2008, 11:10 1911

Халықаралық атом энергиясы агенттігі радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша Мексикада өткен оқу-жаттығуларға оң баға берді

Халықаралық атом энергиясы агенттігі радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша Мексикада өткен оқу-жаттығуларға оң баға берді

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық атом энергиясы агенттігі радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша 8-9 шілдеде Мексикада "Лагуна Верде" атом электр станциясында өткен оқу-жаттығуларға оң баға берді. 38 сағатқа созылған сынаққа Халықаралық атом энергиясы агенттігіне мүше 74 мемлекет пен 10 халықаралық ұйым өкілдері атсалысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Мексикадағы бұл эксперимент - үшіншісі. Бұдан бұрын ядролық апаттардың осы тектес имитациясы атом электр станцияларында Францияда 2001 жылы және Румынияда 2005 жылы жүргізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны