06.06.2008, 15:13 2985

Халықаралық еңбек ұйымы жұмыс орнында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа науқанның басталғанын жариялады

Халықаралық еңбек ұйымы жұмыс орнында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа науқанның басталғанын жариялады

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық еңбек ұйымы жұмыс орнында (ХЕҰ) гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа науқанның басталғанын жариялады. Бұл жұмыс бір жылға созылады, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

Алдағы жылдың маусым айында ХЕҰ өзінің жыл сайын өткізілетін конференция қатысушыларына, жұмыс орындарындағы жағдайлардың ерлер мен әйелдерге қалай әсер ететіні жөнінде баяндамасын ұсынады. Жыл бойы ер адамдар мен әйелдердің өз құқықтарын қорғау, тиісті әлеуметтік және жеңілдіктерге қол жеткізу сияқты жағдайлары сарапталатын болады. Жалпы 12 тақырып бойынша сараптама жасалып, соның ішінде екі әр түрлі жынысты адамдардың жұмыс орындарына қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылады.

"Гендерлік теңдік мәселесі бойынша түсіністікті кеңейту арқылы біз барлық әйелдер мен ер адамдардың лайықты жұмыс орындарын алуы үшін күресіп жатырмыз", - деп мәлімдеді ХЕҰ бас директоры Хуан Сомавиа. Ол атап өткеніндей, соңғы жылдары гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жағынан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді, алайда әйелдерді алалауға әлі жол беріліп отыр.

Өткен жылы ХЕҰ әйелдерді еңбекпен қамту саласындағы үрдістері жөніндегі баяндамасында айтылғанындай, әлем бойынша әйелдердің басым көпшілігі табысы аз салаларда жұмыс істейді немесе ер адамдармен бірдей міндеттерді атқара отырып төмен мөлшерде еңбекақы алады.

ХЕҰ басқа баяндамасында атап өтілгеніндей, тіпті Еуропада да әйелдер ер адамдардан төмен ақша алады. Еуропалық одақ мемлекеттерінде бір сағаттық жұмыс бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылық 15 пайызды құрайды. Ұлыбританияда жүкті болуына байланысты әйелдердің 30 пайызы жұмысынан айрылып отырады. Олардың тек 3 пайызы ғана енбекпен қамту мәселесі бойынша ұлттық трибунал орындарына шағым түсіреді.

Өткен жылы жұмыс істеген ер адамдар саны әйелдерден 600 млн-ға артық болды. Өткен жылы жұмысқа қабілетті жастағы әйелдердің 81,6 млн жұмыссыз болды. 36,1 пайыз әйел ауылшаруашылық саласында жұмыс істесе, 46,3 пайызы қызмет көрсету саласында еңбек етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны