04.12.2008, 14:17 1651

Халықаралық есірткіге қарсы күрес орталығының қызметкерлерін жұмысқа қабылдауда жалғандық детекторында тексерілетін болады

Халықаралық есірткіге қарсы күрес орталығының қызметкерлерін жұмысқа қабылдауда жалғандық детекторында тексерілетін болады

Алматы. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының қызметкерлерін жұмысқа қабылдауда жалғандық детекторында тексерілетін болады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында орталықтық директоры, генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Орталық құру жөніндегі шешімді 2004 жылы Мәскеуде есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз өндірісі, айналымы мен оны тұтынуды қадағалау саласындағы аймақтық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы 1996 жылдың 4 мамырындағы меморандумына қатысушы елдер (Изербайжан, Қазақстан , Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) қабылдады. 2006 жылы басты құжаттар мақұлданып, қатысушы мемлекеттердің президенттерінің қол қоюына ұсынылды. Орталық Алматыда орналасатын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны