03.10.2018, 18:54 5075

Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Ақмола облысы Жарқайыӊ ауданында салтанатты жиын өткізілді

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2018 жылғы 7 тамызындағы Жарлығына сәйкес, "Алтын алқа" алқасын аудан әкімі көпбалалы ана Жанна Сүйірбаеваға табыстады.

Көкшетау. 3 қазан. Kazakhstan Today - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, Ақмола облысы Жарқайыӊ аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты жиынға ауданныӊ дамуына үлес қосқан еӊбек ардагерлері, қазыналы қариялар, алтын құрсақты абзал аналар келіп, мерекеніӊ мәнін үстем етті. Мереке шымылдығы балғын бүлдіршіндердіӊ өнерлерімен ашылып, аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Өзипа Шұӊғұлованыӊ құттықтауына ұласты.

Ардагерлерді қарттар күнімен құттықтаған аудан әкімі Мұрат Балпан аға ұрпақ өкілдерініӊ даналығы мен кемеӊгерлігі, әсіресе, жаӊа заман жастары үшін айрықша маӊызға ие екендігін жеткізді.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2018 жылғы 7 тамызындағы Жарлығына сәйкес, "Алтын алқа" алқасын аудан әкімі көпбалалы ана Жанна Сүйірбаеваға табыстады. 40 жастағы Жанна ауданымыздағы көпке үлгі болатын аналардыӊ бірі, жолдасы Тұрсын екеуі жеті баланы тәрбиелеп отыр.

Сонымен қатар, Жарқайыӊ ауданыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін өӊір басшысыныӊ алғыс хаттары тыл ардагерлері Александр Кулаков пен Надежда Дьяченкоға, көп балалы ана Мәнсия Ибраеваға, еӊбек ардагері Маузия Каримоваға, денсаулық сақтау саласыныӊ ардагерлері Ідіріс Өмірзақов пен Бибікамал Дәулетбековаға, ішкі істер органыныӊ ардагері Аянберген Тұрлыбековке және бірнеше сала ардагерлеріне табысталды.

Мерекелік сазды бағдарламада аудан өнерпаздары қос ішекті күмбірлетіп, әуелете ән салып, Жаяу Мұсаныӊ әндерін, Майлықожаныӊ термелерін шырқап, қазыналы қариялардыӊ алғысына бөленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны