01.07.2009, 11:20 1255

Халықаралық қоғамдастық ядролық қаруды таратпау тетіктерін тез арада қайта қарауға кірісуі тиіс - Назарбаев

Халықаралық қоғамдастық ядролық қаруды таратпау тетіктерін тез арада қайта қарауға кірісуі тиіс - Назарбаев

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық қоғамдастық ядролық қаруды таратпау тетіктерін тез арада қайта қарауға кірісуі тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Жер бетіндегі жағдайды тұрақтандыра алатын, оның қауіпсіздігін арттыра алатын халықаралық кооперацияның жаңа түрлерін ойластыруға бағытталған батыл іс-қимылдар қажет. Лаңкестік пен есірткі саудасына қарсы тұрудың ықпалды тетіктері талап етілуде", - деді Н. Назарбаев.

"Исіресе барлық халықтарға бірдей лаңкестікке қарсы күреске жаппай жұмылу аса маңызды. Бұл бірлестік бізге мейлінше мол ақпарат беріп, лаңкестердің іс-әрекеттеріне қарсы тиімді жұмыс істеуге тиіс. Бүгін әсіресе ядролық қарусыз әлемге қарай жасалатын ғаламдық қозғалысқа адамзат дүниесінің күш-жігерін біріктірудің маңызы аса зор", - деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, "осыдан шамамен қырық жыл бұрын қабылданған Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпыға ортақ әмбебап тетігіне айнала алмады. Ол жаңа ядролық державалардың пайда болуының алдын ала алмағаны былай тұрсын, сонымен бірге ядролық қаруды жетілдіруге тыйым да сала алмады. Сол себепті Халықаралық қоғамдастық ядролық қаруды таратпау тетіктерін тез арада қайта қарауға кірісуі тиіс, Илемдік қоғамдастық Ядролық қаруды жалпыға ортақ көлбеу және тіктеп таратпау туралы жаңа әмбебап шарт жасауға тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны