14.05.2007, 12:28 2436

Халықаралық құқық қорғаушылар Алматы облысындағы кришнаиттерге қысым жасау оқиғасына орай алаңдаушылық білдіреді

Халықаралық құқық қорғаушылар Алматы облысындағы кришнаиттерге қысым жасау оқиғасына орай алаңдаушылық білдіреді

АЛМАТЫ. 14-мамыр. Kazakhstan Today. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық Хельсинки федерациясы мен "Шекарасыз адам құқықтары" ұйымы Алматы облысындағы кришнаиттерге қысым жасау оқиғасына орай алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, халықаралық ұйымдар Қазақстан Жоғарғы сотының шешіміне алаңдаушылық білдіреді. Жоғарғы сот "Общество сознания Кришны" ұйымына Қарасай ауданында жер пайдалануға құқық беру жөніндегі өзінің бұрынғы қаулысының күшін жойған. "Бұл шешім әріқарай осы қоғамға қатысты адам құқықтарын бұзу оқиғаларына алып келуі мүмкіндігіне байланысты қауіптенеміз",- делінген халықаралық ұйымдар таратқан мәлімдемеде.

Бақылаушылардың пікірінше, кейінгі оқиғалар "қоғамды діни көзқарасына байланысты жекешелендіру мүмкіндігінен айырған -ау деген күдікті күшейте түседі". "Билік тарапынан діни себептер жоққа шығарылғанымен, қоғам мүшелерімен қарапайым әңгіме-сұхбаттар кезінде жиі сілтеме жасалған, ал жергілікті билік қоғамның беделік түсіретін жалған ақпараттар таратумен шұғылданды",- делінген халықаралық құқық қорғаушы ұйымдардың мәлімдемесінде.

Осыған байланысты құқық қорғаушылар Қазақстандағы билікті "адам құқықтарына қатысты халықаралық стандарттаға қатаң бағынуға, "Общество сознания Кришны" ұйымына қатысты істі бейбіт жолмен, әділетті әрі алаламай шешуге барлық шараларды алуға" шақырды.

"Сонымен бірге Қазақстан билігі қоғамға қатысты үйлерді одан әрі бұзуға, тәркілеуге, заңсыз жолмен істі қайталап қарауға, сондай-ақ, қоғам мүшелерін қорқытып-үркітуге бағытталған әрекеттерден бас тартуға тиіс және оларға өз дінін еркін насихаттауға мүмкіндік беруге тиіс",- делінген құжатта.

Осы орайда еске сала кетсек, қоғамға қатысты даулы істер 2004-жылдан бері жалғасып келеді. Сол сезде Қарасай аудандық әкімшілігі қоғамға қасы сот дауын бастаған. Соның нәтижесінде өткен жылдың қараша айында діндарлардың 13 үйі бұзылды.

Наурызда еліміздің үкіметі қауыммен арадағы дау-жанжалды келіссөздер арқылы шешпек ниетте екенін хабарлап, болған оқиғаны жергілікті биліктің басшылық жасай алмауымен байланыстырған. Алайда, қоғам мүшелерінің айтуынша, үкімет тарапынан ахуалды реттеуге ешбір нақты қадам жасалған жоқ. Қазір кришнаиттердің тағы 13 үйіне бұзылу қаупі төніп тұр. Діндарлар кез-келген күні сот шешімімен қауым тіркелген жерді тастап шығуға мәжбүр болғалы тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны