13.07.2018, 18:21 5110

Халықаралық математика олимпиадасында қазақстандық жоғары сынып оқушылары жалпы командалық есепте үздік 20 елдіӊ қатарына кірді

Олимпиада қорытындысы бойынша математикадан Қазақстан құрамасы 4 күміс, 2 қола медаль қанжығалады. Жалпы командалық есепте біздіӊ оқушылар құрамасы 18 орынды иеленіп, үздік 20 елдіӊ қатарына кірді.

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - 116 ел қатысқан 59-шы Халықаралық математика олимпиадасында қазақстандық жоғары сынып оқушылар 18 орын алды.

Биыл оқуышылар арасындағы 59-шы (IMO) Халықаралық математика олимпиадасы 3-14 шілде аралығында Румынияныӊ Клуж-Напока қаласында өтті.

Аталған олимпиадаға әлемніӊ 116 елінен 615 оқушы қатысты. Олимпиада әдеттегідей екі кезеӊнен өтті. Ирбір кезеӊде қатыушыларға әр қайсысы 7 балл болатын 3 есеп берілді. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар 42 шектік балл ала алады.

Олимпиада қорытындысы бойынша математикадан Қазақстан құрамасы 4 күміс, 2 қола медаль қанжығалады. Жалпы командалық есепте біздіӊ оқушылар құрамасы 18 орынды иеленіп, үздік 20 елдіӊ қатарына кірді. Қазақстандық оқушылардыӊ көрсеткіштері төменгідей.

Аманбаева Аружан - Республикалық физика-математикалық мектептіӊ 11 сынып оқушысы. Алматы қ. Күміс медаль 29 балл.

Цеховой Алексей - №165 мамандандырылған лицейдіӊ 11 сынып оқушысы. Алматы қ. Күміс медаль -28 балл.

Құдайбергенов Алихан - "Білім - инновация" лицей-интернатыныӊ 11 сынып оқушысы. Астана қ. Күміс медаль- 28 балл.

Билялов Шыӊғыс - "Haileybury Almaty" Халықаралық мектебініӊ 11 сынып оқушысы. Алматы қ. Күміс медаль-25 балл.

Асматуллаев Рахман - №165 мамандандырылған лицейдіӊ 11 сынып оқушысы. Алматы қ. Қола медаль -21 балл.

Зиманов Алихан - "Tamos Education" физика-математика мектебініӊ 10 сынып оқушысы. Алматы қ. Қола медаль-20 балл.

Естеріӊізге сала кетейік, биыл Грецияныӊ Родос қаласында өткен жастар (7,8 сынып) арасындағы Балқан елдерініӊ халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы 22 елдіӊ ішінен 3 орынды, 7 қонақ қатысушы елдер ішінде 1 орынды иеленген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны