20.06.2012, 15:43 7215

Халықаралық олимпияда жүлдегерлері атағын алған қазақстандық балалар өз құқықтарын толық пайдалана алмай жүр

Депутаттық сауалымыздың себебі - "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңымен (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) кепілденген өзінің азаматтық құқықтарын оларға байланысты емес себептермен пайдалана алмаған Грецияда өткен халықаралық олимпиада қатысушылары - орта мектептер түлектерінің тобына байланысты пайда болған оқиға туралы ата-аналардың хаты болған.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Халықаралық олимпияда жүлдегерлері атағын алған қазақстандық балалар өз құқықтарын толық пайдалана алмай жүр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Депутаттық сауалымыздың себебі - "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңымен (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) кепілденген өзінің азаматтық құқықтарын оларға байланысты емес себептермен пайдалана алмаған Грецияда өткен халықаралық олимпиада қатысушылары - орта мектептер түлектерінің тобына байланысты пайда болған оқиға туралы ата-аналардың хаты болған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап, "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен (бүдан әрі - РҒПО) өзара әрекеттесу шарты бар "Глюон" Халықаралық интеллектуальды клубымен ұйымдастырылған халықаралық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген Алматы облысының 36 адамынан және Алматы қаласының 6 оқушыларынан (№ 1 қосымша) тұратын мектеп оқушылары тобы әртүрлі бағыттар бойынша жобаларды дайындауға кірісті.

Алматы облысының білім беру басқармасымен 2012 жылы 5 наурызда № 73 бұйрық шығарылған, оның негізінде 2012 жылы 6 наурызда Қарасай ауданды білім беру, дене тәрбиелеу мен спорт бөлімі өз кезегінде мамыр айында ТМД, Ресей мен Еуропа елдерінің дарынды балалары үшін өткізілетін Грециядағы "Балалар. Интеллект. Шығармашылық" халықаралық олимпиадасына аудан оқушыларын жіберу туралы № 51 бұйрық шығарды (бұйрықтар көшірмелері қоса беріледі).

Осы іс-шаралардың нәтижелері бойынша қатысушылар биология, физика, химия, география, тарих, ағылшын тілі бойынша жүлдегерлер болды.

"Білім туралы" Заңының 47-б. 6-2-т. сәйкес (2011 жылғы 24 қазандағы № 487-IV өзгерістер мен толықтырулармен) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары (ерекше үлгідегі аттестат және "Алтын белгі" белгісін алуға үміткер түлектерді қоспағанда) білім беру саласындағы уәкілетті органы қорытынды бағаларды сертификаттар баллына ауыстыру негізінде берген ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері туралы сертификаттар алады.

Осы Заң нормасының күші туралы біліп, оқушылар осы уақыт бойына, оларды жақынарадағы болашақта не күтетініне күмәнданбай, халықаралық олимпиадаға ынталы дайындалды.

2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-2/1217 хатына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БҒМ) мектепке дейінгі және орта білім департаменті жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар тізбесінің негізінде қазақстандық оқушылардың халықаралық іс-шараларға қатысуын үйлестіруді "Дарын" РҒПО-на берді. Сонымен қатар осы хатта ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгерістердің енгізілуіне байланысты "Дарын" РҒПО бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу үшін оқушылардың шығуы уақытша тоқтатылған.

Бірақ қолдағы мәліметтер бойынша, "Дарын" орталығымен басқа қазақстандық оқушылардың шығуы мен халықаралық олимпиадаларға қатысуы 2011 жылдың қазан айында және 2012 жылдың қаңтар айында жүзеге асырылған.

Халықаралық олимпиадаларға қатысушылардың ата-аналары "Білім туралы" Заңының 47-бабына сәйкес балаларын ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі - ҰБТ) босату үшін "Дарын" РҒПО-на жүгінді, алайда халықаралық олимпиаданың қатысушылары ҰБТ-ден босатылған жоқ, себебі Грецияда өткен 2012 жылғы іс-шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (бұдан әрі - № 514 Бұйрық) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар тізбесіне кірген жоқ. Дегенмен, еліміздің оқушылары жыл сайын олимпиадаларға қатысты, сондай-ақ былтырғы жылдың мамыр айында да, жүлдегерлер ҰБТ тапсырудан босатылды. Осы Бұйрық ресми мерзімдік баспасөз басылымдарында "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңында көрсетілген мерзімдері бұзылып, жарияланды және "Білім туралы" Заңының осы заңға тәуелді, заңдық күші азырақ актіге сілтеме жасайтын нормасы жоқ.

Облыстық та, аудандық та білім беру органы, "Дарын" РҒПО да оқушылар мен олардың ата-аналарына № 514 Бұйрықтың бар болуы туралы, Грециядағы халықаралық олимпиаданың Халықаралық олимпиадалар тізбесінен алынып тасталғаны туралы және оларға ҰБТ тапсырудан босату ұсынылмайтыны туралы мәліметті уақытылы жеткізбеді. № 514 Бұйрық туралы оқушылар тек Грециядан келгеннен кейін, мамыр айында білді. Қысқа уақыт мерзімде оларға тестілеуге тиісті дәрежеде дайындалуына мүмкіндік берілмеді. ҰБТ нәтижелері әртүрлі болды, 50-ден бастап 72 баллмен аяқталды. Он бес оқушы жеке десаулығының стресс жағдайының кесірінен бастапқы деңгейінен де өте алмаған.

Білім беру органдарының кінәсінен түлектер ештеңе түсіне алмай жаңылысып, ҰБТ-ге тиісті түрде дайындала алмады.

Осы проблемамен ҚР БҒМ басшылығына жүгініп, біз ҰБТ-де бастапқы баллдарды алмаған тұлғаларға талапкерлердің кешенді тестілеуіне қатысу мүмкіндігіне рұқсат ала алмадық.

Өз хатында Министрлік ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 және 2012 жылғы 27 ақпандағы № 261 Қаулыларын басшылыққа ала отырып, түлектердің талапкерлердің кешенді тестілеуіне қатысу мүмкіндігі жоқ екенін көрсетті, себебі денсаулық жағдайы бойынша, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда, төтенше жағдайлар, жол-көліктік апаттар себебінен ҰБТ-ге қатыспаған тұлғаларға ғана қатысты ерекшелік түрінде ескеріліп, қолданыста болады.

Сонда қалыптасқан осы жағдай төтенше жағдай болып табылмай ма, балалар халықаралық аренада еліміздің атынан шығып, шетелден жүлделі орындармен оралып, туған мемлекетінде өз құқықтарын пайдалана алмайды.

Жоғарыда аталғанға байланысты, сонымен қатар "Білім туралы" Заңының 47-б. 6-2-т. есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасымен белгіленген Үкімет құзыретін пайдалана отырып, Сізден осы жағдайды шешуге көмектесуіңізді, сонымен қатар жіберілген бұрмалаушылықтарға кінәлі лауазымдық тұлғаларды жауапкершілікке тартуыңызды өтінеміз.

Сауалды қарау нәтижелері туралы "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 27-бабымен белгіленген мерзімде жазбаша түрде хабардар етуіңізді сұраймыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны