05.06.2017, 17:03 4625

Халықаралық "Самарқан-Астана-Нұрлы жол" темір жол бағыты ашылды

Бүгін көршілес Өзбекстан Республикасы №452 "Самарқан-Астана-Нұрлы жол" халықаралық жүрдек пойызын Қазақстанға салтанатты түрде шығарып салып, қатынас көлігініӊ алғашқы рейсі Шымкентке келіп жетті.

Шымкент. 5 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін көршілес Өзбекстан Республикасы №452 "Самарқан-Астана-Нұрлы жол" халықаралық жүрдек пойызын Қазақстанға салтанатты түрде шығарып салып, қатынас көлігініӊ алғашқы рейсі Шымкентке келіп жетті.

Сарыағаш вокзалы арқылы Шымкентте аялдаған жүрдек пойызды шаһар жұртшылығы сән салтанатымен қарсы алып, жолаушыларға сәтті сапар тіледі. Меймандарды күтіп алған ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Нұрлан Байғұт бұл қатынас жолыныӊ Қазақстан мен Өзбекстанныӊ өзара мәдени, рухани, экономикалық байланыстары мен туризм салаларын дамытуға нығайтатынын жеткізді.

"Бұған дейін "Алматы-Ташкент" бағытындағы темір жол бағыты ашылса, бүгін "Самарқан-Астана-Нұрлы жол" халықаралық жүрдек пойызыныӊ алғашқы рейсін қарсы алып отырмыз. Бұл санаулы күндерден соӊ басталатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаӊында керемет жаӊалық болып тұр. Яғни, бұдай былай, Өзбекстанныӊ еӊ көне шаһарларыныӊ бірі Самарқаннан Астанаға арнайы пойыз жүретін болады. Ұзындығы 2 мыӊ шақырымға жуықтайтын темір жол бағыты аптасына бір күн жүретін болады. Жол бағыты жұма күні Шымкент арқылы Астанаға жол тартса, жексенбіде Шымкенттен Ташкент арқылы Самарқан бағытына жүретін болады", - деді Н.Байғұт.

Қос елге ортақ теміржол бағытын шығару туралы шешім осы жылдыӊ наурыз-сәуір айларында екі ел Президенттерініӊ Астанадағы, Сарыағаштағы басқосулары және Қ.Мамин бастаған үкіметтік жұмыс тобыныӊ Ташкентке баруыныӊ нәтижесінде мүмкін болып отыр. Осынау кездесулердіӊ нәтижесі - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіп, сауда-логистика, көлік қатынастарыныӊ және өзге салалардағы байланыстардыӊ дами бастағаныныӊ айғағы ретінде бүгінгі шараны айтуға болады.

Қос мемлекеттіӊ туризм саласын одан әрі дамытуға атсалысатын жол бағыты бауырлас елдердіӊ мәдени байланыстарын да нығайтады деп күтілуде. Сонымен қатар, жаӊа жүрдек пойызы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қонақтарды тасымалдауға айрықша атсалыспақ.

Шымкентте аялдаған 20 минут ішінде жолаушылар пойызға қайта отырып, Шымкент темір жол вокзалынан Астана қаласына аттанды.

Айта кету керек, Самарқан-Астана бағытына жол жүру құны 28 мыӊ теӊгеге жуықтайды,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны