12.04.2016, 09:50 3367

Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында және Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күні құрметіне "Қазақстан темір жолы" АҚ "Тұлпар-Тальго" пойызымен жүруге жеӊілдіктер беретін жаӊа дисконттық карталар енгізеді.

"Ардагер" - Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, Ұлы Отан соғысыныӊ I, II, III топтағы мүгедектеріне арналған. Жеӊілдіктіӊ көлемі - 99%, дисконттық карта тегін және мерзімі шектеусіз

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - 1."Ардагер" - Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, Ұлы Отан соғысыныӊ I, II, III топтағы мүгедектеріне арналған. Жеӊілдіктіӊ көлемі - 99%, дисконттық карта тегін және мерзімі шектеусіз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2."Ардагер+" - Ұлы Отан соғысына қатысқандарға теӊестірілген барлық топтардыӊ өкілдеріне (оныӊ ішінде аумақтық соғыстарға қатысқандар, Чернобыль апатын жоюға қатысқандар және т.б. бар) арналған.

Жеӊілдіктіӊ көлемі - 50%, дисконттық карта тегін және мерзімі шектеусіз. Естеріӊізге сала кетейік 2016 жылыдыӊ 26 сәуірінде Чернобыль апатына 30 жыл толады.

Қазіргі уақытта "Тұлпар-Тальго" пойыздарына билетті сатып алу мерзіміне (пойыздыӊ жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты қосымша 40 пайызға дейін жеӊілдіктер жарияланды. Ендеше "Ардагер+" дисконтты картасы бар жолаушы ала қам жасап, күні бұрын билет алса 70 пайызға дейін жеӊілдікке қол жеткізе алады.

Жеӊілдіктер жүйесі "Тулпар-Тальго" пойыздарыныӊ төмендегі бағыттарында қарастырылған: №1/2 "Алматы-Астана", №19/20 "Астана-Атырау", №49/50 "Алматы-Ақтөбе", №67/68 "Астана-Защита", №69/70 "Алматы-Защита", №79/80 "Астана-Шымкент", №87/88 "Астана-Актөбе", №89/90 "Астана-Қызылорда", №701/702 "Алматы-Петропавловск".

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігініӊ мәліметінше 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша елімізде 3 917 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, сондай-ақ 41 729 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теӊестірілген адамдар бар.

Дисконттық карталар Астана, Алматы, Карағанды, Актөбе, Павлодар, Костанай, Көкшетау, Тараз, Шымкент, Кызылорда, Семей, Усть-Каменогорск, Атырау және Орал қалаларыныӊ вокзалдарында орналасқан "Жолаушылар тасымалы" АҚ темір жол кассаларында беріледі. Өзімен бірге жеке куәлік пен аталған мәртебені растайтын құжаттар болуға тиісті.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны