28.07.2008, 13:44 1461

Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін қызметтердің саны жылдың аяғында 57-ге жетеді - Балиева

Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін қызметтердің саны жылдың аяғында 57-ге жетеді - Балиева

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін қызметтердің саны жылдың аяғында 57-ге жетеді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында еліміздің әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі жағдаймен елімізде 260 Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылған. Олар 27 түрлі қызмет көрсетеді, ал жылдың аяғына таман осы орталықтар арқылы тағы да 32 қызмет көрсетіледі", - деді З. Балиева.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын зерттеу жөнінде министр З.Балиева басқарған комиссия құруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны