29.05.2013, 18:24 7086

Халықтан травматикалық қаруды жинаудың өтеміне 2 млрд теңге қаржы қажет

"Бұл заңсыз айналымдағы қару көлемін азайтып, елдегі криминогендiк ахуалды жақсартуға септiгiн тигiзеді", - деп отыр министр.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Халықтан травматикалық қаруды жинаудың өтеміне 2 млрд теңге қаржы қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Халықтан травматикалық қаруды жинап алудың өтеміне 2 млрд теңге қаржы қажет болады. Бұл туралы бүгін өткен "Травматикалық қару: заңнамалық реттеу мәселелерi" тақырыбындағы дөңгелек үстелi барысындаҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

"Алдын-ала жасалған болжам бойынша халықтан травматикалық қарудан айыру үшiн 2 млрд теңгеден астам қаржы қажет болады. Республикалық бюджет комиссиясы шешiмiмен аталған шығын көлемі қабылданған. 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттi қалыптастырған кезде бұл сома ескерiлетiн болады. Бұл - қомақты қаржы. Десек те, осынша қаржыны жұмсап қаншама адам өмiрін сақтап қалатынымызды естен шығармауымыз қажет", - дедi министр.

Оның айтуынша, халықтан сатылынып алынатын қару құқық қорғау органдары қызметкерлерiне берiлетiн болады.

"Бұл заңсыз айналымдағы қару көлемін азайтып, елдегі криминогендiк ахуалды жақсартуға септiгiн тигiзеді", - деп отыр министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны