08.09.2009, 19:11 3529

Халықты тұмауға қарсы егуге жалпы республика бойынша алдағы эпидемиологиялық кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 339 млн 400 мың теңге бөлінді

Халықты тұмауға қарсы егуге жалпы республика бойынша алдағы эпидемиологиялық кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 339 млн 400 мың теңге бөлінді

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Халықты тұмауға қарсы егуге жалпы республика бойынша алдағы эпидемиологиялық кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 339 млн 400 мың теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкованың қатысуымен ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің "Тұмау және өткір респираторлық вирустық жұқпа бойынша республикадағы эпидемиологиялық жағдай туралы" брифинг өтті.

"Республиканың жалпы білім беретін және балалар ұйымдарында алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №13 қаулысын орындау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жалпы білім беретін мектептер мен мектеп - интернаттарда жаңа оқу жылы жұмысына дайындығын қарауды жүзеге асыруда.

Балалар ұжымын құру кезінде балаларды өткір респираторлық аурулар белгілеріне тексеру жүргізілді, - деді Т.Вощенкова.

Шет елдерден келетін балалар ерекше бақылауға алынды. Өткір респираторлық вирустық жұқпа белгілері анықталған кезде зертханалық тексеру, сонымен қатар сырқат адамды және қатынаста болғандарды медициналық бақылау жүргізіледі.

Оқытушылар мен оқушыларға пандемиялық тұмаудың ағымдағы эпидемиологиялық ахуалы және оны жұқтырудың алдын алу шаралары туралы ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Індет мерзімінде тұмаумен және Өткір респираторлық вирустық жұқпамен ауырған 892058 адам тіркелді, соның ішінде 321803 мектеп оқушысы, немесе 36,07 пайызды құрайды.

Тұмаудың алдын алуда егуге үлкен көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес халықты тұмауға қарсы егу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Барлығы жергілікті бюджет қаражатынан 213 802 адам, соның ішінде 47030 адам егілді, ол 22 пайызды құрайды. Жалпы республика бойынша алдағы эпидемиологиялық кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 339 400 000 теңге бөлініп, 253 079 вакцина сатып алынды. Вакцина егілетін адамдар саны 253 079, соның ішінде 118 794 бала.

Ирбір облыста, Астана және Алматы қалаларында ақылы егу кабинеттері ашылған. Халықтың осал топтарына кірмегендер ақылы тұмау вакцинасымен егілуге мүмкіндік алады.

Тұмауға қарсы егуге жататын халықтың тобы: тұмаудың асқынуға және өлімге әкеліп соғуына байланысты жоғары дәрежедегі қауіпті топ: қарттар және мүгедектер үйінің контингенті; 65 жастан асқан тұлғалар; өкпе және жүрек-қан жүйесінің созылмалы аурына шалдыққан сырқаттар; иммуниеті жеткіліксіз тұлғалар, соның ішінде ВИЧ/СПИД жұқтырғандар және иммунодепрессант қабылдайтын аурулар; жүктілер. Тұмауды басқа тұлғаларға жұқтыру қаупі бар жоғары дәрежедегі қауіпті топ: медицина қызметкерлері; жоғары дәрежедегі қауіпті топтың жанұя мүшелері.

Алдағы уақыттағы індеттік кезеңде ауруды төмендетуге және алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрілігі індеттің алдында және эпидемия кезінде медициналық, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында профилактикалық және санитарлық-індет шараларын қарастырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны