06.12.2012, 14:53 3599

Халықтың "Халықтық IPO"-ға қызығушылығы - қазақстандықтардың Елбасының әлеуметтік-экономикалық бағытына деген сенімінің айғағы

Қазақстан халқының "Халықтық IPO" бағдарламасына қызығушылығы қазақстандықтардың Елбасының ұстанып отырған әлеуметтік-экономикалық бағытына деген орасан зор сенімін көрсетеді, деп өз ойын білдірді бүгін "ҚазТранОйл" АҚ тікелей акцияларын сатып алуға тапсырыс жинау кезеңінің аяқталуына арналған баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Халықтың "Халықтық IPO"-ға қызығушылығы - қазақстандықтардың Елбасының әлеуметтік-экономикалық бағытына деген сенімінің айғағы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан халқының "Халықтық IPO" бағдарламасына қызығушылығы қазақстандықтардың Елбасының ұстанып отырған әлеуметтік-экономикалық бағытына деген орасан зор сенімін көрсетеді, деп өз ойын білдірді бүгін "ҚазТранОйл" АҚ тікелей акцияларын сатып алуға тапсырыс жинау кезеңінің аяқталуына арналған баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов.

"Жұртшылық "Халықтық IPO" бағдарламасын жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытты, әрі ол үлкен әлеуетке ие. Бұл халықтың, инвесторлар мен Қазақстан азаматтарының Мемлекет басшысы жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық бағытына деген биік сенімдерінің белгісі", - деп атап өтті Қ.Келімбетов.

Вице-премьердің ақпарына қарағанда, жыл қорытындысы бойынша республиканың ІЖӨ өсуі 5% кем емес, инфляция 6% сәл ғана жоғары деңгейде болады деп болжануда.

"Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберіндегі алдын ала болжамдар бойынша жыл соңына дейін 30 мыңнан астам қазақстандықтар "ҚазТрансОйл" АҚ акцияларының иегерлері болады. Компания акцияларын сатып алуға берілген тапсырыстар 55,9 млрд теңгеден асты, бұл орналастырылған құнды қағаздар көлемінен 2 есе артық. Атап өтерлігі, республика азаматтары 18,7 миллиард теңгеге, яғни орналастыру сомасының 67% тапсырыс берген, бұл халықтың компания акциялары нарығына үлкен қызығушылық танытып отырғанын білдіреді.

Жазылудың алдын ала нәтижелеріне қарағанда, жалпы 25 мың 218 тапсырыс берілген, оның ішінде азаматтардан түскен тапсырыс 25 мың 207, ЖЗҚ мен маркет-мейкерлерден- 11 тапсырыс түскен.

Компания акцияларын сатып алуға берілген өтініш 5 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша 19:00 аяқталды. Қазақстан Үкіметінің қаулысына сәйкес, орналастырылатын бір жай акцияның құны 725 теңге болып белгіленген, "ҚазТрансОйл" АҚ орналастырылған жай акцияларының құнды қағаздардың жазылым жүргізу арқылы ұйымдастырылған нарығындағы саны 38 миллион 463 мың 559 дана.

"ҚазТрансОйл" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес компаниясы, жалпы ұзындығы 8 мың шақырым болатын, әртараптандырылған мұнай және су құбырлары желісіне ие, Қазақстан Республикасының ірі мұнай тасымалдау компаниясы болып табылады. "ҚазТрансОйл" елде өндірілетін мұнайдың шамамен 59% экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды.

Азаматтарға ірі ұлттық компаниялардың қосалқы иегерлері болуға мүмкіндік беретін Бағдарлама туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нүрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы ақпан айында "Нұр Отан" партиясының XIII съезінде сөйлеген сөзінде мәлімдеген болатын. 2011 жылдың шілдесінде "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі еншілес және тәуелді компаниялардың акцияларын қор нарығында орналастыру Бағдарламасын мақұлдады. Ал, сол жылдың қыркүйек айында Бағдарлама ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Акциялары 2015 жылға дейін кезең-кезеңімен ұсынылатын акционерлік қоғамдардың тізілімі анықталды.

"Халықтық IPO" бағдарламасы аясында 2015 жылға дейін Қазақстанның 10 ірі компаниясы өз акцияларын республика азаматтарына сатуға шығарады. Сөйтіп, 2012-2015 жылдар аралығында 160 мыңнан астам жеке тұлғаларды немесе Қазақстан азаматтарының 1% бағдарламаға қатысуға тарту көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны