13.03.2012, 14:01 3318

"Халықтың IPO" бағдарламасы бойынша тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

"IPO бағдарламасын сәтті іске асыру мақсатында Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылдан бері "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді", - деді Б.Сағынтаев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - "Халықтың IPO" бағдарламасы бойынша тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев хабарлады.

"IPO бағдарламасын сәтті іске асыру мақсатында Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылдан бері "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді", - деді Б.Сағынтаев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Бұл іс-шаралар республикалық бұқаралық ақпарат құралдардың қатысуымен жүргізілді, Экономикалық даму және сауда министрлігінің сайтында "Халықтық IPO" бағдарламасы" бөлімі ашылды, бағдарламаның іске асырылу барысы құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен талқыланды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың ақпан айында "Самұрық-Қазына" қоры "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша 2012 жылға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны бекітті.

Экономика министрінің айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір-желтоқсан айларының аралығында ақпараттық-түсіндіру науқанын жүзеге асыру жоспарланып отыр. "Самұрық-Қазына" қоры әлеуметтік зерттеулер сауалнамасын әзірлеп, KEGOC және Қазтрансойл компанияларының маркетингілік бағдарламаларының жобалары, республикалық және өңірлік БАҚ-тармен жүргізілетін жұмыстың медиа-жоспары жасалды.

Бағдарлама мақсаттарының бірі халыққа жарияланаған акциялардың барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету болып табылады. Науқан жұмысына интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер жұмылдырылады. Сондай-ақ, трансфер-агенттік және делдалдық қызмет көрсетуде "Қазпошта" мүмкіндіктерін пайдалану жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны