09.06.2023, 16:49 30376

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көші-қон бойынша уақытша қызмет көрсетілмейді

Қазақстан Республикасы ІІМ АӨО тарапынан жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты бірқатар қызметтерге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көші-қон бойынша уақытша қызмет көрсетілмейді
Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көші-қон бойынша уақытша қызмет көрсетілмейді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясынан.

Қазақстан Республикасы ІІМ АӨО тарапынан жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты 2023 жылғы 9 маусым сағат 14:00-ден бастап 10 маусым сағат 18:00-ге дейін барлық ХҚКО-ларда келесі қызметтерге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Атап айтқанда:

*Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қызметі;

*Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі;

*Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қызметі;

*Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қызметі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны