31.05.2019, 14:11 14189

Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыда музыкалық оркестрлер мен ансамбльдер шеруі өтеді

30, 31 мамыр мен 1 маусым күндері, Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек Би және Төле Би көшелері Панфилов қиылысында мерекеге байланысты жабылады. Сонымен бірге, мерекелік көрініс болатын Назарбаев пен Абылай Хан көше арасындағы Төле Би көшесі жабылады.

Алматы. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше мерекелі бағдарлама күтеді.

1 маусым күні сағат 10:00-де ҚБТУ-нің алдында Астана алаңында Алматы қаласының Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдері Шеруінің салтанатты ашылуы өтеді. Іс шараның барысында, балалар шеруі, ҚР эстрада жұлдыздарының және балаларға арналған ойын-сауық шоу-бағдарламасы көрсетіледі.

Іс-шара шеру үлгісінде өткізіледі. Шеру Астана алаңынан басталып, онда флэш-моб өткізіліп, концерттік бағдарлама қойылады. Одан әрі жаңартылған Панфилов көшесімен бойымен шеру жалғасып, Жібек Жолы көшесінде аяқталады.

Арбат алаңындағы мереке бағдарламасы ішінде - интерактивтік ойындар, байқаулар, әртістер және концерт (көрсетілімдер өтеді).

Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында, Raim и Artur, "Сенім" вокальды-хор студиясы және басқа да отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Өзіндік серпіні бар аранжирлеушілік пен би өнері, костюмді театрлық көріністер мен шоу-бағдарлама , қала тұрғындары мен қала қонақтарына мерекелік жазғы көңіл күй сыйлап, қаламыздың оркестрлік бірліктерінің өнерін тамашалауға тамсандырады.

30, 31 мамыр мен 1 маусым күндері, Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек Би және Төле Би көшелері Панфилов қиылысында мерекеге байланысты жабылады. Сонымен бірге, мерекелік көрініс болатын Назарбаев пен Абылай Хан көше арасындағы Төле Би көшесі жабылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны