Система Orphus

Халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қандай алдын алу шараларын сақтау керек?

04.03.2020, 15:37 2755

Алматы. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды жақсарту және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мынадай алдын алу шараларын сақтау ұсынылады:

- Базарларды қоса алғанда, адам көп қоғамдық орындарға бармау;

- Қала ұйымдары мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізбеу;

- Халық көп жиналатын барлық орындарда жеке бас гигиенасын сақтау үшін жағдай жасау;

- Кез-келген қоғамдық орындарға барғаннан кейін және тамақ алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирт бар салфеткалармен сүрту;

- Масканы кию, әсіресе науқастарға қатысы бар;

- Респираторлық аурулардың белгілері бар адамдармен қарым-қатынас жасамау;

- Жөтел этикетін сақтау, жөтелу немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу үшін салфетка пайдалану;

- Жоғары температуралы (ет, балық, құс, жұмыртқа) өңдеуден өткен өнімдерді жеу және кепілдендірілген сападағы суды (қайнатылған немесе бөтелкеленген) ішу. Көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен және мұқият жуғаннан кейін жеуге болады;

- Үй-жайларын күніне кеміне 2 рет желдету қажет.

Коронавирустың таралуына байланысты әр түрлі сұрақтар туындаған жағдайда қосымша түсіндіру үшін 1406 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны