10.02.2010, 18:27 3257

Хаттамаларды 100% өңдеу нәтижесі бойынша президент сайлауының екінші турында Янукович 48,95%, Тимошенко - 45,47% дауыс жинады

Хаттамаларды 100% өңдеу нәтижесі бойынша президент сайлауының екінші турында Янукович 48,95%, Тимошенко - 45,47% дауыс жинады

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Украинаның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, учаскелік сайлау комиссияларының электронды хаттамаларды 100% өңдеу нәтижесі бойынша президент сайлауының екінші турында "Партия регионов" жетекшісі Виктор Янукович сайлаушылардың 48,95%, премьер-министр Юлия Тимошенко - 45,47% дауысын жинады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, жексенбіде Украинада президент сайлауының екінші туры өтті. Заңға сәйкес, президент сайлауының екінші турын қорытындылау процессі 10 күнде - 2010 жылдың 17 ақпанына дейін аяқталуға тиіс. Жаңа мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі жарияланғаннан кейін бір айдың ішінде қызметкері кірісуі қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны