26.07.2013, 10:45 6995

Helios Алматыда өрттен зардап шеккендерге 100 млн теңге өтемақы төледі

Helios компаниясы (Гелиос) Алматыда өрттен зардап шеккендерге 100 млн теңгеден астам өтемақы төледі, делінген компанияның сайтында жарияланған хабарламада.

Алматы. 26-шілде. Kazakhstan Today - Helios Алматыда өрттен зардап шеккендерге 100 млн теңге өтемақы төледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Helios компаниясы (Гелиос) Алматыда өрттен зардап шеккендерге 100 млн теңгеден астам өтемақы төледі, делінген компанияның сайтында жарияланған хабарламада.

2013 жылы 27 маусымда бензовоздың жануынан шыққан өрттен зардап шеккендерге төленген өтемақының жалпы сомасы 100 млн теңгеден асады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендер үшін жалдамалы баспанаға тамыз айын қоса есептегенде "Гелиос" 7 млн теңгеден астам қаржы шығындады.

Осылайша, пәтерлері өрттен зардап шеккен №50 үй тұрғындарының арасынан 17 отбасы өздері таңдаған жалдамалы пәтерлерге көшірілді. Оған жұмсалатын шығындарды "Гелиос" өз мойнына алды. Жалға алу мерзімі пәтерлерде жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін ұзартылады.

Сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігі бағалаушы компаниялардың тізімін ұсынып, солардың арасынан тұрғындар "Сараптау-бағалау компаниясы" ЖШС-ын таңдап алды. Бағалау шығындарын өтеуді де компания өз міндетіне алып отыр. 55 нысанға (пәтерлер, фаст-фуд, дәріхана, кітап дүкені, сұлулық салоны, газет дүңгіршегі) комиссиялық тексеріс жүргізіліп, алған зардаптары бағаланды, соның негізінде 32-сі жеңіл, 15 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары қажет екені белгілі болды.

"Тұрғындардың қалауына қарай, тәуелсіз бағалау компаниясының шығарған қорытындысы бойынша келтірілген зардап үшін ақшалай өтемақы төленеді немесе күрделі жөндеу жұмыстары жасалынады", - деп мәлімдеді компания.

Қазіргі уақытта ғимараттың қасбетін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғимарат пен онда орналасқан спорт тауарлары дүкенін жөндеу жұмыстарын 5 тамызда аяқтау жоспарланған.

"Көлік иелеріне төленетін өтемақы жайында айтар болсақ, бүгінгі күні көлік иелері ұжымдаса отырып таңдаған "Сараптау-бағалау компаниясы" ЖШС зардап шеккен 14 көлікті (өрт кезінде зардап шеккен 10 авто мен ЖКО кезінде зардап шеккен 4 авто) тексерді. Оның 10-ына қатысты сараптама нәтижесі белгілі болды. 5 көлік иесімен келісімшарт жасалып, төлемге қойылды. ЖКО кезінде зардап шеккен 4 авто бойынша мәселе АҚЖ сақтандыру келісімшарты негізінде шешімін таппақ", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны