07.12.2007, 17:13 4047

"Химфарм"АҚ қан ауыстыру цехының құрылысы басталды

"Химфарм"АҚ қан ауыстыру цехының құрылысы басталды

Шымкент. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенттің "Химфарм" АҚ қан ауыстыру цехының құрылысына кірісті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Химфарм" АҚ бас директоры Сыздық Баймұқанов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жоба жасалған, жер учаскесі бөлінген, енді қан ауыстыру цехының іргетасын қалауға көшеміз. 2009 жылы қанды ауыстыру өндірісін бастап кетеміз деген ойдамын", - деді С. Баймұқанов.

Бас директордың сөздері бойынша, жобаның құны 18 млн теңге. "Біз құрылысты өзіміздің және несиеге алған қаржыға жүргізетін боламыз", - деп түсіндірді С. Баймұқанов.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгінгі күннің талабына сай қан ауыстыратын инъекциялық ерітінді цехын әлемде алдыңғы орында тұрған қан ауыстыратын препараттарды шығаратын оңтүстіккореялық "Choongwae Holding Co. Ltd" компаниясымен бірлесе отырып салу көзделген болатын. Цехта орнатылатын жаңа технологиялық құрал-жабдықтар жылына 200 млн флакон қан ауыстырғышты шығаратын болады.

С. Баймұқановтың айтуынша, қан ауыстыру инъекциялары ТМД елдері бойынша шығарылмайтындықтан, оларды экспорттауға мүмкін болады. "Өнімнің жартысынан астамын сыртқа шығару жоспарланған", - деп хабарлады бас директор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны