29.06.2012, 15:00 3282

Химия және биология пәндері мұғалімдерінің І съезі өз жұмысын бастады

Шара аясында еліміздің химия және биология саласындағы жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today- Бүгін Өскемендегі Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстан Республикасының химия және биология мұғалімдерінің І съезі жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шара аясында еліміздің химия және биология саласындағы жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Елбасы Н.Назарбаевтың съезд қатысушыларына жолдаған құттықтауын оқып берді.

Съезд жұмысына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Моңғолия, Германия, Жаңа Зеландия және т.б. елдерден 400 астам делегаттар мен қонақтар қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны