05.07.2007, 16:53 3430

Химиялық ғылымдар институты мен Органикалық катализ және электрохимия институты Қазақ-Британ техникалық университетімен біріктіруге қарсылық білдірді

АЛМАТЫ. 5-шілде. Kazakhstan Today. А.Бектұров атындағы Химиялық ғылымдар институты мен Д.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты Қазақ-Британ техникалық университетімен біріктіруге қарсылық білдірді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында А.Бектұров атындағы Химиялық ғылымдар институтының директоры Қажымұқан Арынов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ғалымдардың ақпаратына сәйкес, ҚР білім және ғылым министрлігі ғылым жөніндегі комитетіне қарасты "Жер, металлургия және байыту жөніндегі ғылымдар орталығы" РМК-ның кейбір еншілес кәсіпорындарын қайта құру жөніндегі үкіметтің қаулысы бойынша аталған екі институт орталық құрамынан шығарылған. Бұдан кейін министрлік бірқатар ғылыми мекемелерді "Қазақ -Британ техникалық университеті" АҚ-мен біріктіру жөнінде шешім қабылдады. Сол үшін институттардың жарғысына 23-маусымға дейін өзгерістер енгізуді таалап еткен. "Яғни, іс жүзінде бізге жарғының іргелі зерттеулер жөніндегі бөлігін қайта қараулды ұсынып отыр", - деді институт директоры.

Өз кезегінде ҚР ҰҒА академигі ГауҺар Зақымбаева институттардың қазіргі жағдаймен мемлекеттік меуеме екендігін, және "Ғылым жөніндегі" заңның 27-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуші мемлекеттік ғылыми ұйымдарды акционерлік қоғамға айналдыруға болмайтынын атап өтті. "Оны жүзеге асыру үшін біздің жарғыны ғана ауыстыру жолы бар", - деді Г. Зақымбаева.

Х. Арыновтың айтуынша, "химия саласындағы еліміздің екі жетекші институты іргелі зерттеулер жөніндегі екі мемлекеттік бағдарлама бойынша 2008-жылдың 31-желтоқсанына дейін жұмыстар жүргізіп жатқандықтан", іргелі зерттуеулерден бас тарту мүмкін емес. Ол сонымен бірге "жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарын қасаң тәсілмен жай біріктіре салу теориялық іргелі зерттеулердің ауқымды бөлігінен айрылуға, жылдар бойы қалыптасқан мектептердің тұтастай жойылып кетуіне алып келетінін" атап өтті.

Академик Г. Зақымбаева институттардың іргелі зерттеулерінің негізінде жаңа технологиялардың негізі қаланғаны жайлы көптеген мысалдар келтірді. "Атап айтсақ, бізде мұнай өндіру барысында шығатын аса құнды шикізат - ілеспе газдарды пайдалы жарату технологиясының жобасы жасалған. Бұл технологияға ҚазМұнайГаз қызығушылық танытып отыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны