08.10.2018, 12:47 6025

Хорлан Жолжақсынова Америка киноиндустриясын шындап бағындыруға бел буды

Хорлан актерлер отбасынан шыққанынан қарамастан, мельпомендер музасына қызмет етуді бірден таӊдаған жоқ болатын.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Ийгілі қазақ актеры Ерік Жолжақсыновтыӊ (Көшпенділер, Жаужүрек мыӊ бала, Қош бол, Медеу, Махамбет, Ағайынды, Тоқал, Талан, Дала дауысы) қызы Америка киноиндустриясын шындап бағындыруға бел буды. 2015 жылдан бастап жас актриса Хорлан Жолжақсынова АҚШ-та жалғыз ғана мақсатпен тұрып жатыр - актриса мамандғын оқып шығу және әлемдік киноға түсу.

Тура сол жылы жас актриса Нью-Йорк киноакадемиясына оқуға (New York Film Academy - NYFA) түсті, сол жерде кәсіби актерлік шеберлігін ұштады. Хорлан кино актеры мамандығы бойынша әсем өнерлер магистрініӊ дәрежесін алды. Ол өз мақсатына жетті. Енді оған американдық киноарман - Голливудтыӊ еӊ жоғарғы шыӊдарын бағындыру ғана қалды.

Оныӊ еӊ алғашқы қадамдары айтарлықтай жемістерін де бере бастады. Хорлан Лос - Анджелесте әйгілі американдық әнші және актер Крис Браунныӊ бейнеклипіне де түсіп үлгерді.

Қазір жас актриса кәсіби түрде вокалмен айналысуда және әйгілі американдық әртіспен дуэт болып ән шырқамақшы. Бірақ бұл туралы жаӊалықты 2019 жылғы қаӊтардыӊ басында Хорлан өзі толығырақ айтып береді. Бұл оқиға шынымен актриса өнерініӊ жанкүйерлері үшін тосын сый болмақ.

Айтпақшы, Хорлан өз уақытында домбыра сыныбы бойынша Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық мектепті аяқтағаны белгілі.

Айта кететін тағы бір жаӊалық. Жақын арада, 2018 жылғы қыркүйекте қысқаметражды фильмдердіӊ Канн кинофестивалі өткен еді (http://www.cannes-shorts.com/festival/). Біздіӊ кейіпкер продюсерлеген "Мия" фильмі аталған кинофестиваль үшін он мыӊ фильм арасынан іріктеліп, ол жерде 4 күн ішінде 60 еӊ күшті қысқа метражды фильмдер арасында көрсетілді. Айтпақшы, Хорлан аталған фильмде басты рольді сомдады және фильм сценарийіндегі тарих авторы да өзі болды.

Осыныӊ алдында жас бастауыш актрисаға үлкен сәттілік әкелген "Айша" мен "Жарық" телехикаяларында Хорлан басты рольдерді сомдап, Қазақстанда біршама атақты болғанын естеріӊізге сала кетейік.

Хорлан сондай-ақ 2017 жылғы қарашада әлемдік пішіндегі жұлдыздардыӊ қатысуымен өткен "Лос-анджелестегі Қазақстан мәдениеті және кино күнініӊ" жүргізушісі болды.

Салтанатты іс-шара ол кезде талантты қазақстандық музыканттар мен әншілердіӊ шығуымен ерекшеленді, олардыӊ арасында Димаш Кудайберген де болды. Америка жеріндегі қазақстандық мәдениет пен кино фестивалін өткізу АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігініӊ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ, сондай-ақ ҚР кинематографиялық өнер және ғылым академиясыныӊ арқасында мүмкін болды.

"Лос-анджелестегі Қазақстан мәдениеті және кино күні" іс-шара продюсерлері кештіӊ жүргізушісі ретінде көптеген үміткерлер арасынан Хорланды таӊдауларына оныӊ Қазақстандағы екі сәтті жобадағы басты рольдері септігін тигізуі әбден мүмкін.

"Мақсаттылық, табанды еӊбек және талант кез келген сәттілікке қол жеткізу үшін негізгі қасиеттер болып табылады. Кинода үлкен жетістіктерге жеткім келеді және біздіӊ елді шетелге әйгілі етсем деген арманым бар", - деп жас актриса өз сезімін жасырмады.

Хорлан актерлер отбасынан шыққанынан қарамастан, мельпомендер музасына қызмет етуді бірден таӊдаған жоқ болатын.

Қазақстан-Британ техникалық университетінде қаржы мамандығы бойынша жоғарғы білім алып, ол осы салада кішкене уақыт жұмыс істеді. Тек сосын ғана жас қыз өзініӊ күшін кинода көруге бел буады. Бірінші әрекеті сәтті болып шықты. "Айша" телехикаясына түсіп, Хорлан ол өзініӊ бірінші жемісін көрді, фильм отандық кионжобаныӊ хиті болып шыға келді.

Уақытты бекер өткізбей, түсірілімдер арасында Хорлан өз оқуын жалғастыра берді. Бұл жолы қаржыгер білімін алды, бірақ Лондонда. Бірінші жобадағы сәттліктен кейін 2013 жылы Хорлан режиссер Ермек Шынарбаевтыӊ "Дала дауысы" фильмініӊ басты роліне бекітілді. Бұл фильмде әйгілі француз актеры Жерар Депардье де түседі. Өкінішке орай, белгілі жағдайларға байланысты, Хорлан фильмніӊ түсірілімдеріне қатыса алмады. Дегенмен, оны әлемдік жұлдызбен теӊестіріп, бекітті деген фактініӊ өзі оны одан да биік шыӊдар мен армандарға жетелей түсті. Жас актриса Голливудты бағындыруға бет бұрды.

Хорлан аяқ асты режиссер Бахтияр Сейтказиевтіӊ "Жарық" жаӊа телехикаясында басты рольді сомдау жөнінде ұсынысын алды. Ол үшін Хорлан бірақ уақытқа өз Отанына оралуға мәжбүр болды. Кейінірек, "Жарық" телехикаясы еліміздіӊ басты арнасы - "Қазақстаннан" көрсетілді. Бұл Хорлан үшін кезекті сәтті қуанышы еді. Ол өз Отанында одан да танымал бола шықты.

Жақын арада Хорлан көрермендерін өзініӊ жаӊа жобаларымен қуантатынына толық сенім бар, оны әйгілі кинопродюсерлер байқап, сәтті Голливуд блокбастерлеріне түсуге шақырады деген зор сенім бар. Сол арқылы өз Отанында әлемдік деӊгейдегі қазақтан шыққан тағы бір жарық жұлдыз - Хорлан кино ғажабы пайда болады деген сенім зор.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны