03.09.2010, 12:59 3202

Худжанд қаласындағы ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлемінің ғимаратында жарылыс болды

Бүгін сағат 8 шамасында Худжанд қаласындағы (Тәжікстан, Согдий облысы) ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлемінің ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі тәжіктің БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 3 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін сағат 8 шамасында Худжанд қаласындағы (Тәжікстан, Согдий облысы) ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлемінің ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі тәжіктің БАҚ сілтеме жасай отырып.

Жарылыс ғимараттың ішінде болған. Жарылыс күші радиусы 500 метр аумақты қамтып, маңындағы үйлер мен көліктердің терезелері сынған. Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің төрт көлігі жұмылдырылған. Оқиға орнында жараланғандарды бірнеше жедел жәрдем көліктері ауруханаға алып кеткен, деп хабарлайды "AziaPlus" АА.

Қазіргі уақытта қандай жарылғыш зат екендігі және жарылыс күші анықталуда. Оқиға орнында облыстың күш құрылымдарының барлық басшылары жұмыс істеуде.

Жарылысты өзін өзі өлтірген лаңкес жасауы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды, деп хабарлады "Авест" АА-не Тәжікстандағы күш құрылымдарындағы ақпарат көзі.

Оның айтуынша, жарылыс болған жерден адамның қалдықтары табылған. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, 12 адам жараланған, қайтыс болғандардың бар-жоғы туралы әзірге хабарланбай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны