03.09.2010, 15:21 4126

Худжанд қаласындағы ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлемінің ғимаратында жарылыс болды (толықтырулармен)

Бүгін сағат 8 шамасында Худжанд қаласындағы (Тәжікстан, Согдий облысы) ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлемінің ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі тәжіктің БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 3 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін сағат 8 шамасында Худжанд қаласындағы (Тәжікстан, Согдий облысы) ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлемінің ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі тәжіктің БАҚ сілтеме жасай отырып.

Жарылыс ғимараттың ішінде болған. Жарылыс күші радиусы 500 метр аумақты қамтып, маңындағы үйлер мен көліктердің терезелері сынған. Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің төрт көлігі жұмылдырылған. Оқиға орнында жараланғандарды бірнеше жедел жәрдем көліктері ауруханаға алып кеткен, деп хабарлайды "AziaPlus" АА.

Қазіргі уақытта қандай жарылғыш зат екендігі және жарылыс күші анықталуда. Оқиға орнында облыстың күш құрылымдарының барлық басшылары жұмыс істеуде.

Тәжікстанның ІІМ штаб бастығы Тахир Норматовтың журналистерге хабарлауынша, АҰҚКБ көлікпен баса көктеп кірген лаңкес өзін өзі жарып жіберген.

Согдий облысының ІІБ жедел іздестіру тобының мәліметтеріне сүйенсек, оқиға болған жерден ГАЗ-24 көлігі мен лаңкестің денесінің қалдықтары табылған. Ғимараттың оң жақ қанаты түгелдей қираған.

Бүгін таңертең сағат 06,40 болған оқиға салдарынан 20 астам адам жараланған, олардың 12 милиция қызметкерлері. Қайтыс болғандар бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны