31.10.2016, 10:36 6278

И.Тасмағамбетов пен Б.Байбек Шымбұлаққа дейін Shuttle Bus көлігімен барды

Қысқы маусым ашылғанда 7 эко көліктер жүретін болады. Қозғалыс интервалы- 15 минут, қыс кезінде 10 минут болады.Көліктегі бір орынныӊ құны - 200 теӊге.

Алматы. 31 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан премьер-министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов пен Алматы әкімі Баурыжан Байбек "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаӊғысы курортына қатынайтын Shuttle Bus экологиялық таза көлікпен жүрді, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

2017 жылы өтетін Универсиаданы ұйымдастыру комитетініӊ төрағасы спорт нысандарын аралап көріп, өзініӊ жұмыс сапары аясында экокөліктіӊ жайлылығын да тексерді.

Естеріӊізге сала кетейік, "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаӊғысы курортына қатынайтын экологиялық қауіпсіз экоавтобустар Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтыӊ биылғы жылдыӊ ақпан айында мегаполисті дамыту туралы өткізген кеӊесі барысында жеке көліктерді шектеу жөнінде берген тапсырмасы бойынша 2016 жылдыӊ 17 мамырынан бастап жұмыс істей бастады.

Көлік 18 орынды, барынша қолайлы әрі жайлы. Қазір бұл бағыт бойынша 4 микроавтобус қатынауда, күніне орташа 48 рейс қатынап, 864 адам тасымалданады.

Қысқы маусым ашылғанда 7 эко көліктер жүретін болады. Қозғалыс интервалы- 15 минут, қыс кезінде 10 минут болады.Көліктегі бір орынныӊ құны - 200 теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны