23.04.2012, 10:32 10934

І тоқсанда 191 мың қазақстандық Емдеуге жатқызу бюросы порталының көмегіне жүгінген

"Қазір "Саламатты Қазақстан-2015" Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау жүйесі сапалы түрде дамып келеді. Халық денсаулығының көрсеткішінде де жақсы қарқынға қол жеткіздік. Бала туу көрсеткіші мен халықтың өмір сүру жасы ұлғайған", - деп атап өтті Елбасы Н.И.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - І тоқсанда 191 мың қазақстандық Емдеуге жатқызу бюросы порталының көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазір "Саламатты Қазақстан-2015" Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау жүйесі сапалы түрде дамып келеді. Халық денсаулығының көрсеткішінде де жақсы қарқынға қол жеткіздік. Бала туу көрсеткіші мен халықтың өмір сүру жасы ұлғайған", - деп атап өтті Елбасы Н.И.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, азаматтардың 96,5% өз өңірінде емделсе, 3,5% басқа өңірлерді таңдаған. Яғни, тұрғындар негізінен үйлеріне жақын орналасқан клиникаларды таңдайды. Республикалық клиникаларға жатқызылған науқастар үлесі 14%-ға тең. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында науқастардың 70% жуығы алғашқы 3 күнде ауруханаға жатқызылды.

Айта кету керек, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) шеңберінде Қазақстанда 2010 жылдың шілде айынан бері республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюросы жұмыс істеуде. Бюро www.bg.eisz.kz порталы арқылы емханалар мен стационарлардың арасын жалғаушы буынға айналды.

Емдеуге жатқызу бюросы порталы жоспарлы емдеуге жатқызу үрдісін тиімді басқару, тіркеу, есепке алу және жолдамаларды өңдеуге қатысты мәселелерді шұғыл шешуге арналған.

Жоспарлы емдеуді күтіп жүрген кезеңде науқастар емханадағы учаскелік дәрігеріне қарала береді. Талонда көрсетілген уақыты жеткенде ауруханаға барып жатады. Егер осы аралықта күтпеген жағдайлар болса, науқас бұл жөнінде өз дәрігеріне хабар беруі тиіс.

Болашақта емдеуге жатқызу бюросы порталына кірген кез-келген науқас өз коды арқылы ағымдағы күту парағын, кезегін, сонымен қатар таңдаған стационардағы бос төсек-орындар туралы ақпаратты көре алады. Науқастың диагнозы құпия болғандықтан, порталда көрсетілмейді. Науқасты емдеуге жатқызу тәртібі порталдағы күту парағында көрсетілгендей кезекте жүзеге асырылады.

Жүйенің артықшылығы - стационарлар, емдеуге жатқызу бюросы порталы, емханалар мен науқастар арасындағы өзара іс-әрекетті нақты үйлестіреді. Қазір жоспарлы емдеуге жатқызу үрдісіне қатысатын Қазақстанның барлық денсаулық сақтау ұйымдары порталмен жұмыс істеуге жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны