15.07.2016, 20:02 5455

Талдықорған қаласында демалыс және спорт алаӊдарымен жабдықталған жағалаудағы демалыс аллеясы ашылды

Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Қаратал өзенініӊ жағалауындағы демалыс аллеясы ашылды. Бұл замауни жаӊа сәулеттік кешен бұдан былай Жетісудіӊ көрнекті демалыс орындарыныӊ қатарына қосылатын болады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 15 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Қаратал өзенініӊ жағалауындағы демалыс аллеясы ашылды. Бұл замауни жаӊа сәулеттік кешен бұдан былай Жетісудіӊ көрнекті демалыс орындарыныӊ қатарына қосылатын болады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Тұрғындарды қуанышымен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов жағалаудағы сан алуан архитектуралық шешімдер еӊбектеген баладан еӊкейген қарияға дейінгі барлық тұрғындардыӊ көӊілінен шығатынына сенім білдіре келе үлкендер жаздыӊ аптап ыстығында өзен жағасында серуен құрып, саламатты өмір салтына ден қойса, балалар ойын алаӊдарында алаӊсыз асыр салатын болады, деді. Мұнан соӊ демалыс аллеясыныӊ шамын жақты. Самаладай жарқыраған шамдармен қатар отшашулар атылды.

Ұзындығы 1414 метрге созылған жағалау құрылысын "Шымыр" ЖШС мердігер ұйымы өткен жылдыӊ тамыз айында бастаған болатын. Жобаныӊ авторы Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағыныӊ төрағасы Ақмырза Рүстембеков. Автордыӊ идеясы бойынша жағалау алаӊы 4 бөлікке бөлінген, яғни орындықтар, балалар ойын алаӊы орнатылған демалыс аймағы, белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін скейт пен роллдром және қалқандар, тенттер мен шатырлар орнатылған сахналық аймақ. Талдықорғанда негізін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андрей Кивилев салып кеткен велоспорттыӊ жақсы дамуы себепті жағалауда велосипед жолына айрықша көӊіл бөлінген.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, көгалдандыру мен абаттандырудыӊ әсемдігі өзалдына, мұнда қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, бұталар, бұталы қоршаулар, газондар мен гүлзарлар отырғызылған. Осы көк өскінніӊ барлығы да шағын сәулеттік мүсіндермен ерекше үйлесім тапқан.

Демалыс аллеясыныӊ ашылу салтанатында "Талдықорған: кеше, бүгін" атты фотокөрме, көркемсурет шеберлерініӊ туындыларынан көрме ұйымдастырылып, халықаспаптары оркестрініӊ концерті ұсынылды. Қалалықтар үшін бұл күні танымал әншілер Мәдина Садуақасова, "Ринго" тобы, сонымен қатар "Алатау әуендері", "Үшқоӊыр" ансамблініӊ өнерпаздары өнер көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны